KazNARU

ОНЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ АУЫЗ АШАР

2024 жылдың 14 наурызыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Алтын дән» мейрамханасында оқу ордасының ұжымы мен студенттер үшін арнайы ауызашар берілді.

✅Білім шаңырағында қызмет істейтіндер мен оқитын үлкен-кішілердің басын қосып, ауызашарды ұйымдастырған KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы қасиетті Рамазан айында жасалатын ең абзал амалдардың бірі осы ауызашар дәстүрі екенін атап өтіп, жиналған барша қауымды «Көрісу күні – Амал мерекесінің» басталуымен құттықтады.

✅ Бағзыдан келе жатқан игі әдет-ғұрпымыздың жалғасы болып табылатын ауызашар дастарқаны адамдар арасындағы жылы жүздесудің, бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіретін сыйластықтың рухани қайнар көзі саналады.

✅ KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директор - Проректор Абдыров Айтжан Мухамеджанұлы мен Баспасөз қызметінің жетеккшісі, белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қайым-Мұнар Табеев студент жастарға ақ батасын беріп, өмір жолдарына сәттілік тіледі.

✅ Айта кетейік, биылғы жыл елімізде Әз-Наурыз Рамазан айына тұспа-тұс келіп, мән-мағынасы мен мазмұны жаңғырып, түрлі мәдени көпшілік және қайырымдылық іс-шараларын қамтитын онкүндікке ұласпақ.

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

15 наурыз – «Қайырымдылық күні»

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».

17 наурыз – «Шаңырақ күні»

18 наурыз – Ұлттық киім күні

19 наурыз – Жаңару күні.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

21 наурыз– Ынтымақ күні

22 наурыз – Жыл басы

23 аурыз – Тазару күні

✅ «Наурызнама» онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірінде этноауылдар құрылып, бүкілхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар, жәрмеңкелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер, концерттер, түрлі байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник