KazNARU

«РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» АТТЫ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ

Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 2024 жылдың 15 наурызында «Тұлғаларға тағзым» бағыты негізінде Сәкен Сейфуллинің 130 жылдығына арналған «Рухты елдің ұрпақтары» атты V халықаралық (отандық және шетелдік студенттердің қатысуымен) жас ақындар мүшайрасы өтті.

✅ Мүшайраның іріктеу кезеңінде өтініш білдірген 50-ден астам жоғары оқу орнының 35-нің жас талапкерлері финалдық бас додаға қатысуға шақырту алды.

✅ 17-21 жас аралығындағы үміткерлер қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария» факультетінің 1 курс студенті Әділбек Нұрислам мен «Зоинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 1 курс студенті Бейсенқұл Райымбек те бар.

✅ Үлкен белсенділікпен өнер көрсеткен KazNARU жас ақындарының тырнақалды жырлары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ректорының Алғыс хатымен марапатталып, «Рухты елдің ұрпақтары» атты V халықаралық жас ақындар мүшайрасының өлеңдер жинағында жарияланды.

✅ Жас талапкерлерімізді ақындық өнердегі алғашқы сәтті қадамдарымен құттықтаймыз!

Таланттарың ұшталып, шығармашылықтарың өрлей берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник