KazNARU мен ВАГЕНИНГЕН УНИВЕРСИТЕТІ (НИДЕРЛАНДЫ) АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕІГЕЙДЕ ДАМУДА
✅2024 жылғы 18 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Wageningen University (Нидерланды) арнайыделегациясы келді.
Сапардың мақсаты – KazNARU жетістіктерімен танысу, білім беру байланыстарын нығайту, Вагиненген институтының Wageningen университетімен жұмыс жөніндегі ынтымақтастығын жақсарту және жоғары оқу орындары арасындағы тиімді өзара ынтымақтастықты дамыту.
✅ KazNARU Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов Нидерландылық серіктестермен осыған дейін атқарылған жұмыстар туралы айта келіп, алдағы міндеттердің маңызды үш бағытын атап өтті:
1) қос дипломды білім беру (докторанттармен алмасу, шақырушы тараптың есебінен тағылымдамадан өткізу және оқыту);
2) Вагиненгенген университетімен жұмыс жөніндегі Институтты дамыту жөніндегі қадамдар;
3) Food Extension Center қағидаты бойынша Метрополитен бағдарламасын дамыту.
✅ «Қазақ ұлттық зерттеу университетінің халықаралық ынтымақтастығы – әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланудың негізгі факторы. Біз білім беру және ғылыми үдерісті жетілдіру, Wageningen University тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану негізінде кадрлар даярлау сапасын арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытып жатырмыз", - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
✅ KazNARU Халықаралық кеңсесінің өкілдері 2023 жылы Нидерланды ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ресми сапары барысында құрылған Нидерланды-Қазақстан бірлескен жұмыс тобының жұмысына университеттің қатысуы туралы ақпарат берді. Нидерландыда қазақстандық жаттықтырушыларды оқытуды жалғастыру, технологиялар трансфері және тәжірибе мен білім беру; Erasmus+ және Горизонт сияқты гранттық бағдарламалар бойынша жұмысты жаңғырту; қаржыландыру көздерін іздеу және екі диплом бағдарламасын дамыту жоспарлары атап өтілді.
✅Wageingen университетінің өкілдері, профессорлар Нандика Тзендбазар және Раймон Рипол Босш топырақ құнарлылығын бақылау, қашықтықтан зондтау және оны агробизнесте қолдану бойынша жетекші сарапшылар болып табылады. Олар бірлескен ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:
- жайылымдарды зерттеу бойынша транс тәртіптік зерттеу тәсілін дамыту;
- Қазақстандағы әлеуетті стейкхолдерлермен ынтымақтастық;
- топырақтың тұрақтылығы бойынша мақсатты зерттеу мәселелерін талқылау және анықтау, ауылшаруашылық фермасына имплантацияланған әртүрлі сенсорларға ықпал ететін интеллектуалды ауыл шаруашылығындағы жүйелерді басқару әрі бақылау;
- регенеративті ауыл шаруашылығының ауқымын кеңейту. Регенеративті ауыл шаруашылығы – бұл топырақтың құнарлылығы мен биоәртүрлілігін сақтауға бағытталған егіншілік жүйесі.
- әлеуетті кандидаттармен желілік және ынтымақтастықты дамыту, әтүрлі жобалар құру және қаржыландыру көздерін іздестіру.
✅ Тараптар өзара мүдделер саласы аясында академиялық қызметті дамыту, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту, студенттер мен мамандарды оқыту мәселелелерін пысықтады.
Кездесуге университет проректорлары мен декандар, профессор оқытушалыр құрамы қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі.