KazNARU

KazNARU-да ОҚИТЫН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАР НАУРЫЗҒА АҚ ТІЛЕКТЕРІН БІЛДІРДІ

Әз-Наурыз – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлық мерекенің бірегейі. Ол тек шығыс халықтарына ғана емес, көктемді жаңарудың басы деп білетін барша адамзатқа ортақ мереке.

Осы «Наурызнама» форматындағы жаңаша мейрам қазргі уақытта елімізде өз қызықтарымен жалғасуда.

✅ Айта кетейік, биылғы жылы Әз-Наурыздың мән-мағынасы мен мазмұны жаңғырып, түрлі мәдени көпшілік және қайырымдылық іс-шараларын қамтитын онкүндік өтуде. 19 наурыз – Жаңару күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 21 наурыз– Ынтымақ күні, 22 наурыз – Жыл басы.

✅ «Еліміздегі аграрлық іргелі оқу ордасының көшбасшысы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қазіргі таңда 150-ден аса шетелдік азаматтар білім алады. Олардың барлығы да қазақстандық әріптестерімен бірге бір жатақханада тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақтың астында білім алуда», - дейді Халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму жөніндегі проректор Рафис Абазов.

Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Түрікменстан, Грузия, Түркия Республикасы, Венгрия, Швеция, Пәкістан Ислам Республикасы, Ауғаныстан, Қытай, Малайзия, Корея, Камбоджа сияқты алыс-жақын мемлекеттерден келген замандастарымыз «Ынтымақ күніне» арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып, қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады.

✅ «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халық даналығы. Өзара бірлік пен татулық, түсіністік пен сыйластық үстемдік құрған жерде қашанда нәтижелі істер мен игілікті қадамдар алға шығатыны белгілі.

Біздің университетіміздің ұжымы мен білім алушылары қалыптастырған берекелі тірлік пен ізгі ынтымақтастықтың арқасында бүгінде оқу ордамыз өсіп-өркендеп, әлемге танылып келеді.

✅ Ортақ мерекеміз – «Ынтымақ күні» құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник