KazNARU

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының ассистенті Доқтырбек А.Е. ұйымдастырған «Қош келдің,әз-Наурыз » атты мерекелік іс-шара

«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының ассистенті Доқтырбек А.Е. 2024 жылдың 19 наурыз күні  КД23-17К және КД23-19К кураторлық топтарымен бірге Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның ашылу салтанаты мың бұралған бишілермен басталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналатындықтан, осы мереке жайлы әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірі айталған видеоролик көрсетілді. Наурыз мейрамының шығу тарихына шолу жасалған қызықты презентация көрсетілді. Тлеуберген Нұрсұлтан «Ерке сылқым» күйін шертсе, Байларбек Елнұр мен  топтың білім алушы қыздары әсем ән шырқады.

Ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында асық ойынын ойнауға ортаға білім алушылар мен кафедра мүшелері шықты. «Қымызмұрындық» атты сахналық тамаша көрініс қойылды. Мерекелік іс-шараны тамашалауға келген көрермендерге қызықты мақал-мәтелдер жасырылып, дұрыс жауапты тапқан көрерменге ұлттық нақыштағы сыйлық-кәделер таратылды. Бата беру рәсімі көрсетіліп, шашу шашу дәстүрі де орын алды.

Мерекелік іс-шара соңында кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы өз алғыстарын білдіріп, білім алушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник