KazNARU

Ұлттық ғылым академиясы және «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысы өтті

024 жылдың 19 наурызында Астана қаласында жетекші ғалымдар мен бизнес-қоғамдастық басшыларының қатысуымен отандық ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерді шешу жолдарын талқылауға арналған Ұлттық ғылым академиясы және «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысы өтті.

✅ Дөңгелек үстел отырысының ашылуында Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев отандық ғылымды дамыту және оның ел экономикасын нығайтудағы рөлін арттыру қажеттігіне аса назар аударатындағын атап өтті.

✅ Қазір ғылыми жобаларды қаржыландыру жылдан жылға артып, ғалымдарға мемлекеттік қолдау күшейіп келе жатқандықтан, ғылымның нәтижелілігін арттыру, оны бизнес-қоғамдастықтың сенімді серіктесі ету маңызды. Сондықтан қазірге тәсілдерді түбегейлі қайта қарап, отандық ғылымды дамытудың жаңа стратегиясын құруымыз керек.

Біздің басты міндетіміз - ғылымды қолданбалы ету. Бұл өндірісті сұранысқа ие инновациялармен жасақтауға және елдің экономикалық дамуында елеулі серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте осы өзгерістердің барлығы ғылыми қоғамдастықтың ғана емес, экономиканың нақты секторының да пікірлерін ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник