KazNARU

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев ұжым мен профессор-оқытушылар құрамын, білім алушыларды Әз-Наурызбен құттықтап, жаңа Жыл басын университет жақсы табыстармен қарсы алып отырғанын атап өтті.

✅ 2023 жылы KazNARU әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азия үздік жоғары оқу орындары арасында 6 орынға, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орынға көтерілді.

✅ Біздің әріптесетіріміз – Вагенинген университеті (Голландия), АгроПарижТех университеті (Франция), Небраска университеті (АҚШ), Хэнань ауылшаруашылық университеті (ҚХР), Малайзияның Паханг университеті, Эмираттағы Американдық Университеті екіжақты келісімшарт жасасып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

✅ KazNARU базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҒЗУ филиалын құру жұмыстары қолға алынуда.

✅ Студенттеріміз осы аталған әлемнің озық оқу орындарында қатар оқып, халықаралық стандарттық үлгідегі екі диплом алып шығатын болады..

✅ 2023 жылы KazNARU құрамына 4 ірі ҒЗИ мен бір тәжірибелік шаруашылық беріліп, зерттеу университетінің жаңа деңгейіне көтерілді: ғылым – білім – өндіріс (яғни, зертхана – аудитория – тәжірибелік шаруашылық) жүйесі енгізілді.

✅ KazNARU Алматы қаласындағы өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанды. Қазіргі уақытта жаңадан 9 қабатты, 450 орындық студенттік жатақхана мен Медициналық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.

✅ Бұл аталған ортақ жетістіктер мен игілікті қадамдар KazNARU студенттеріне сапалы білім беріп, білікті маман атанып шығуына толық мүмкіндік береді.

✅ «Басты мақсатымыз – жоғары оқу сапасына қол жеткізу, цифрлы университет құру, халықаралық талаптарға сай, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналу. Баршаңызға жаңа белестер, бірлік пен ынтымақтастық, жемісті еңбек, абыройлы биіктіктер тілеймін!», - деді университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Жаңару мен жасампаздықтың бастауы – Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник