KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «НАУРЫЗНАМА» МЕРЕКЕСІНДЕ БЕЛСЕНДІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

«Көрісу күнінен» басталған «Наурызнама» онкүндігі «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», «Шаңырақ күні» «Ұлттық киім күні», «Жаңару күні» мерекелеріне ұласып, бүкіл ел-жұрт болып жоғары деңгейде атап өткендеріне куә болдық.

Бүгін Жыл басы – Ұлыстың Ұлы күні де келіп жетті!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері осы мерекелік іс-шараларда, спорттық ойындарда, атап айтқанда, тоғызқұмалақ пен садақ атудан өткен чемпионатта, Астана қаласындағы халықаралық мүшайрада, басқа да студенттік жарыстарда мерейлері үстем болып, жүлделі орындардан көріне білді.

Мысалы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасында 35 жоғары оқу орнының қатысуымен өткен С.Сейфуллинің 130 жылдығына арналған «РУХТЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ» атты V халықаралық жас ақындар мүшайрасында студенттеріміз Әділбек Нұрислам мен Бейсенқұл Райымбек Алғыс хатпен марапатталып, өлеңдер жас ақындар жинағында жарияланды.

✅ Күні кеше Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында «STUDENT NAURYZ FEST 2024» атты мерекелік концерт пен этно-жәрмеңке ұйымдастырып, оған қаладағы 12 жетекші жоғары оқу орнының өнерлі студенттері қатысты.

Тарихи «Тәуелсіздік залында» өткен іс-шарада KazNARU атынан сынға түскен «Инженерлік-техникалық» факультеттің 4 курс студенті Бекболат Мұхамедияр күйшілігімен танылса, «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің бишілер тобы (Арайлым Шарауова, Айсұлу Кенжемұратова, Аяна Гарифуллина, Мира Жұбаназар, Мөлдір Абдикеримова, Мөлдір Жетпісбай) өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Жастарға керемет көңіл күй сыйлаған өнерпаздарымыз ҚБТУ ректорының Алғыс хаты мен естелік сыйлығымен марапатталды.

✅ Абыройларың арта берсін, KazNARU жастары!

✅ Университетіміз жылдан жылға дамып, көркейіп, әлемге таныла берсін!

Баршаңызды Әз-Наурызбен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник