KazNARU БАЗАСЫНДА СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
2024 жылдың 27 наурызында сағ. 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары «Жер сілкіну және өрт қатері жағдайындағы қызметкерлер мен студенттердің әрекеті» атты сейсмикалық жаттығуға қатысты.
Алматы қаласының Медеу аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарамасының жоспарына сәйкес, бұл жаттығуды KazNARU Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесі мен Күзет қызметі бірлесе өткізді.
Университеттің барлық ғимараттарындағы адамдар шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесінің жетекшісі Ерлан Молдағұлов жер сілкінісі немесе өрт қаупі болған кезде азаматтардың төтенше қауіп-қатерге дайын болуын, эвакуациялық шараларды қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.
Сейсмикалық сынаққа университеттің ұжым мүшелері мен білім алушылары белсенді қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі