KazNARU

KazNARU-дың ҒЗИ және ТӘЖІРИБЕЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2023 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамына 4 ірі ҒЗИ және бір тәжірибелік шаруашылық берілді. Осылайша, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесіне сәйкес, KazNARU қазіргі заманғы функционалдық интеграцияланған жүйе болып табылатын сапалы зерттеу университетінің жаңа деңгейіне көтерілді: ғылым – білім – өндіріс.

✅ 2024 жылдың 26 наурызында университетіміздің, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары, докторанттар мен студенттер KazNARU-ға сенімгерлік басқаруға берілген «Меркі» тәжірибелік шаруашылығының қазіргі жағдайына сараптама зерттеу жүргізді.

Жұмыс тобының құрамына аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалымдар: Рябцев А.Д., Алексеева М.А., Казыбаева С.Ж., Кадирсизова Ж.К., Бакенова Ж., Ибрагимов И.С., Наушабаев А., Таменов Т. және басқа бірнеше білікті мамандар енді.

Зерттеу жұмыстарына «Меркі» ТШ Төрағасы Манкеев Қобланды Орынбекұлы бастаған қызметкерлер қатысты.

✅ «Меркі» ТШ өсімдіктерді тұқымын түрлендірумен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен, тұқым шаруашылығымен айналысады. Жалпы жер көлемі 819,3 гектарды құрайды, оның ішінде 310,8 га – егістік, 368 га – жайылым, 44,29 га – көпжылдық екпелер. Өткен жылдардағы дақылдардың ішінде 150 га көпжылдық шөптер мен 25 га күздік бидай бар, бірақ олардың жағдайы қайта сраптауды және бағалауды қажет етеді.

Сонымен қатар, 13,5 га аумақта бақтар, 31 га жеміс питомнигі бар. Алайда, қолданыстағы бұл бақтар, питомниктер, көпжылдық шөптердің жағдайы төмендеп кеткен; оларды объективті бағалау және агротехнологиялар талаптарына сәйкестендіру бағытындағы қажетті жұмыс көлемін анықтау үшін мұқият тексеруді қажет етеді.

✅ Осы мақсатта жеміс екпелері мен жүзімдіктерге мониторинг жүргізілді, клондық тамыр сабақтарының аналық жасушаларының, алма ағаштары мен жүзімдіктердің жеміс бақтарының жағдайы зерттелді, түрлі аурулар мен зиянкестерді анықтау үшін аранйы үлгілер алынды. Болашақта дұрыс агротехникалық іс-шараларды жүргізу бойынша ұсыныстар берілетін болады.

Шаруашылықтың топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторинг жүргізу мақсатында, олардағы гумустың (қарашіріктің), СО2, рН карбонатының, жеңіл гидролизденетін азоттың, жылжымалы фосфордың, алмасатын калийдің, микроэлементтердің және т.б. құрамын айқындау үшін топырақ үлгілері де іріктеліп алынды. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарланған өніміне минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу нормаларын есептеу үшін қажет.

✅ Тағы бір зерттеу барысы суару жүйелері құрылыстарының қараусыз қалған жағдайын көрсетті. Егістіктердегі негізгі сумен жабдықтау Р-1 және Р-2 шаруашылық науа арналарымен қамтамасыз етілген. Бірақ, жер төсіндегі ішкі арналар өте тозған және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сондай-ақ, тәжірибелі шаруашылық аумағында сапасы жақсы су ұңғымалары бар. Мамандар суару желісін қалпына келтіру және тамшылатып суаруды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.

✅ Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ГАЖ мамандары Zenmmuse X5S мамандандырылған камерасы бар DJI "Matrice 200" и "Inspire 2" ұшу аппараттарын пайдалана отырып, «Меркі» ТШ жер аумағына аэрофототүсірілім жүргізді. Аэрофототүсірілім нәтижелері бойынша деректерді кейіннен ұшудан кейінгі өңдеумен интерактивті өріс карталары жасалатын болады, бұл кез келген жерді түгендеуге, жер бедерін, алқаптардың өлшемдерін, су нысандарының, жолдардың шекараларын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жердің егжей-тегжейлі ортофотожоспарын және 3D картасын құру нәтижелері бойынша су шығынын оңтайландыруға, қолданылатын тыңайтқыштар мен химиялық заттардың қажетті мөлшерін есептеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжауға, дренаждық жүйелерді жоспарлауға мүмкіндік жасалады.

✅ Сонымен қатар, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары Басқарма төрайымы Ш.О.Бастаубаеваның жетекшілігімен ауыспалы егістерді қолдану бойынша ұсыныстар беретін болады.

✅ «Меркі» тәжірибелік шаруашылығындағы бұл белгіленген жұмыстар алдағы уақытта жүйелі негізде жүргізілетін болады.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник