KazNARU

KazNARU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНА PhD ДИПЛОМДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ахылбек Қажығұлұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ЖОО-ның диссертациялық кеңестерінде өз жұмыстарын сәтті қорғаған бір топ жас ғалымдарға «Жоғары оқу орнының белгіленген үлгідегі философия докторы (PhD)» дәрежесі иегерлерін марапаттау рәсімін өткізді.

Университет өміріндегі аса маңызды іс-шараға университет басшылығы, кафедра меңгерушілері, ғылыми кеңесшілер мен жас ғалымдар қатысты.

✅ Университет басшысы Ақылбек Күрішбаев өзінің құттықтау сөзінде докторантураны жемісті аяқтаған жас ғалымдарға болашақта табыс тілеп, олардың ғылыми-техникалық бағдарламаларға және халықаралық жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«Докторантура – бұл үш деңгейлі жоғары білім беру жүйесінің үшінші, ең басты деңгейіне саналады және өз саласы бойынша терең білім алған, жан-жақты кемелденген білікті мамандарды тәрбиелеп шығарады. Сіздер осында алған білімідеріңіз бен тәжірибелеріңізді жаһандық бәсекелестік жағдайында еліміздің ғылыми потенциалын дамытуға арнайды деп сенемін!», - деді Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Сондай-ақ, отандық ғылымның сапына қосылған жас докторанттар алдында «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының философия докторы Бактыгүл Тастемирова, «Агрономия» білім беру бағдарламасының Философия докторы Данияр Таджибаев, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының» Философия докторы Замира Болатбекова және «Ветеринария» факультетінің 1-ші курс студенті Әділбек Нұрислам жылы лебіздерін білдірді.

✅ «Философия докторы» дәрежесін алған жас ғалымдарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта ғылым көгінде жарқырап көріне берулеріне тілектеспіз!

KazNARU Баспасөз қызметі.