IAAR-да ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ
2024 жылдың сәуір айының 3-і мен 5-ші жұлдыздары аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде институционалдық аккредиттеу аясында IAAR Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы жұмысын бастады.
Сараптамалық комиссия құрамына IAAR-дың жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылары, сонымен қатар жұмыс берушілер мен студенттер қауымдастығы өкілдері кірді.
Сыртқы аудит Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне IAAR-дың бекітілген сапар бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Комиссия төрағасы – Алексей Анатольевич Ряднов, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Волгоград мемлекеттік аграрлық университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры (Волгоград қ., Ресей Федерациясы).
Институционалдық аккредиттеу аясында KazNARU Басқарма Төрағасы –Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен сұхбат болып өтті.
Сондай-ақ, сарапшылар тобының мүшелері KazNARU проректорларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен және кафедралар меңгерушілерімен кездесті.
Әріптестерімізге табысты және жемісті еңбек тілейміз!