KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ КӨКТЕМГІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУДЕ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ветеринария» факультетінің 3 курс студенттері Алматы қаласында және Алматы облысы Жамбыл ауданының шаруашылықтарында көктемгі өндірістік практикадан өтіп жатыр. Соңғы үш жылда 300-ден астам студент Жамбыл ауданының шаруа қожалықтарында практикадан өтті. 

✅Биыл да осы ауданының 8 ауылдық округіндегі 19 шаруа қожалықта 77 студент наурыз айының 10 жұлдызынан бастап, көктемгі мал төлдету науқанына қатысып, тәжірибе жинақтауда. Мұрынбай, Айна, Жандос, Адлет, Фазыл, Таң, Айсұлтан, Тельман, Тоғжан, Досжан, Абзал, Ұлан, Алибек, Дауытқан, Алтын-Нұр шаруа қожалықтарындағы жастарымыз өздерін жақсы қарсы алған ағаларына өз ризашылықтарын білдіруде.

✅Сонымен бірге, Алматы қаласындағы ғылыми-тәжірибелік орталықтарда 174 студент университет қабырғасындағы алған теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастырып жатыр.

✅Атап айтқанда – «Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,  «Айболит» оқу ғылыми ветеринарлық орталығы, «Барыс» ветеринарлық емханасы, ҚР АШМ ВБжҚК «Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, ветеринариялық клинкаларда, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК, «ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК, «ҚР АШМ ВБҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМҚ ұжымдары студенттерімізге барлық жағдайды жасап отыр.

✅«Оқу барысындағы үйренген білім мен дәрістеріміз бір бөлек, шаруашылықтарда көзбен көріп, зердеге тоқыған практикалық әдіс-амалдарымыз бір бөлек. Екеуі де бірін-бірі толықтыратын және алдағы өмірлік жолымызда өте қажетті дүниелер екенін жақсы түсінеміз. Осындай қамқорлық көрсетіп, қолдау жасап отырған университет басшылығы мен шаруашылықтардағы жетекшілерімізге алғысымыз шексіз», - дейді студенттер.

KazNARU Баспасөз қызметі
 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник