KazNARU

KazNARU БАСШЫСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгінгі күн барша адамдар үшін ерекше күн болып отыр. Қастерлі Ораза айы, қасиетті Жұма және алдымыздағы – Қадыр түні тоғысқалы тұр.

Осы қастерлі күннің кешінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы оқу ордасының ұжымы мен студенттерге арнап, «Алтын дән» мейрамханасында ауызашар дастарханын жайды.

✅ «Ораза мен ауызашар – жанымызға қуат беріп, жүрегімізге нұр құятын барша мұсылман қауымның қастерлі парызы болса, босағамыздан аттаған өзіміздің Наурызымыз – тұтас халықтың ортақ мейрамы, Жаңа жыл басы! Ең алдымен, келген Наурызымыз құтты болсын! Сонан соң, баршаңызды оразамен және мүбәрак түннің келуімен құттықтаймын! Бұл түнде Жаратушының құзіретімен қасиетті Құран кітабының аяттары түсіріле бастағанын білеміз. Ал, соның ең алғашқы аяты: «Оқы! Оқы! Және оқы!» - деп басталатынын да ұмытпайық. Қай кезде болса да, қоғамды алға сүйрейтін білім мен ғылым. Осыны әрқашан есте ұстаңыздар. Көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері оқитын оқу ордамыз осындай береке-бірліктің, өзара ынтымақтың ұясы екенін бәріміз мақтан тұтамыз. Университетіміз өсіп-өркендей берсін!», - деді ректор Ақылбек Күрішбаев өз құттықтауында.

✅ Көнекөз қариялар «Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы. Бұл түнді игі тілектермен қарсы алған адам баласы үлкен сауапқа кенеледі» деп айтып жатады. Жалпы, замандас болып, қатар жүрген үлкен-кішінің бір-біріне деген ізгі тілектерінің қашан да артықшылығы жоқ. Рамазан айының әрбір күнінде жасы үлкен кісілерге жастардың арнайы барып сәлем беруі, қыстан қалған сыбағасын ұсынуы, ақ дастархан жайып ауызашар жасау сияқты дәстүрлер адамдардың арақатынасын жақындастырады.

✅ Ораза айында KazNARU студенттері Алматы қаласындағы жалғыз ілікті жандарға қол ұшын созып, әртүрлі қайырымдылық шараларын көрсетті. Көпбалалы отбастары мен қарияларға азық-түлік жеткізіп беріп, кептеліс салдарынан үйлеріне жете алмай, жолда тұрып қалған жолаушыларға ауыз ашарға құрма мен су ұсынды. Сауапты істің үлкен кішісі жоқ. Бұның бәрі мән-мағынасы ерекше зор, ізгілікті тәрбиенің қағидаты екені даусыз.

✅ Істеген жақсылықтарыңыз әрқашан еселеп қайтсын!

Ауызашардағы ақжарма ниеттеріңіз қабыл болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник