KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА «ТАШКЕНТ ИРРИГАЦИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ИНЖЕНЕРЛЕРІ ИНСТИТУТЫ» ҒЗУ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – университет ректоры, ҚР ҰҒА президенті Күрішбаев Ахылбек Қажығұлұлы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Ректоры Мирзаев Баходир Сүйінұлымен кездесті.

✅ Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, өткен жылы университет базасында «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын ашу жөніндегі Жол картасын Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктері бекітті, сондай-ақ 2028 жылға дейін ғылыми-білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен Шартқа қол қойылды.

ҚР Мемлекет Басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы агроөнеркәсіптік сектордың басым бағыттарын нақты айқындап, су саласы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін күшті базалық ЖОО-ны айқындау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Президент жақында су тасқынына байланысты халыққа үндеуінде бүгінгі басты проблемалардың бірі – гидротехник мамандардың жетіспеушілігі екендігін де атап өтті.

«Осы саладағы мамандарды даярлау бойынша біздің бірлескен ынтымақтастығымыз тұтас өңірдің қауіпсіздігіне байланысты көптеген мәселелерді шешуге ықпалы тиетініне сенімдіміз. KazNARU базасында «ТИАШМИИ» ҒЗИ филиалын ашу университеттерді болашақта трансформациялау процесіне, АӨК саласында инновациялық технологияларды әзірлеуге, су шаруашылығына қажетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды күшейтуге, Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін нығайтуға жаңа серпін беретіні сөзсіз», - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Өз кезегінде, «ТИАШМИИ» ҒЗУ ректоры Баходир Мирзаев бұл кездесу ЖООлар арасындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына және ынтымақтастық қатынастарды нығайтуды жеделдететін қадам болатынына сенім білдірді.

«Жоғары білікті кадрларды даярлау әрқашан маңызды тақырып болып қала береді. Өз ісін білетін мамандар мен инновациялық технологиялардың арқасында біз Өзбекстан мен Қазақстанның су ресурстарын ұтымды пайдалануды тәсілдерін оң бағытқа өзгерте аламыз, цифрлық экономикаға көшу жағдайында ауыл шаруашылығын жаңа «цифрлық» деңгейге көтеруді жеделдетеміз», - деп атап өтті Баходир Сүйінұлы.

✅ Кездесуде жаңа филиалдың ашылуына қатысты бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды:

- KazNARU базасындағы «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалының ғылыми және білім беру инфрақұрылымын дамыту;

- «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, магистрлер және докторанттарды оқыту жөніндегі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес су шаруашылығы мамандарын даярлау;

- ПОҚ пен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейту;

- Су ресурстарын басқару, суды пайдалану, мелиорация және жерді рекультивациялау саласында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу;

- «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің филиалы басқармасының ұйымдастырушылық құрылымын әзірлеу және штаттық кестесін жасау;

- «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын мақсатты қолдау үшін қосымша қаржыландырудың көздерін қарастыру және т.б. мәселелер.

✅ Делегация заманауи құрылғылармен, қондырғылармен және макет үлгілерімен жабдықталған KazNARU Су хабының негізгі оқу аудиториялары мен ғылыми зертханаларының жұмысымен танысты.

✅ Кездесуге жоғары оқу орындарының тиісті құрылымдарының басшылары, су шаруашылығы саласындағы белгілі ғалымдар, сондай-ақ су шаруашылығы саласында шешім қабылдайтын ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник