KazNARU

БІЗ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зертету университетінің ұжымы Қазақстанның бірқатар өңірінде орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуде.

✅ Оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері бір күндік жалақыларын арнайы көмек қорының есепшотына аударды.

✅ KazNARU базасындағы 1А ғимаратында ашылған гуманитарлық көмек жинау фронт-офисіне азық-түлік, сусындар, балалар тағамы, гигиеналық заттар, тұрмыстық тауарлар, жылы киімдер, көрпелер, төсек жапқыштар мен жастықтар қабылдануда. Мысалы, «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы мен «Агробиология» факультетінің ұжымдары өте ұйымшылдық танытып, макарон, ұн, әртүрлі жармалар, қант, шай, өсімдік майы, томат сынды аса қажетті азық-түліктермен бірге жаңа жылы киімдер, шұлықтар, резина етіктер әкеліп тапсырды.

✅ Ел үшін қиын-қыстау кезеңде алғашқы болып Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму проректоры Рафиз Абазов, «Ветеринария» факультетінің «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі Жұмакүл Киркимбаева, «Агробиология» факультетінің деканы Ержан Абилдаев, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Тұяқбаева, басқа да жекелеген қызметкерлер мен оқытушылардың қайырымдылық үлгісін танытқанын атай кеткен жөн.

✅ «Табиғи апаттар біздің отандастарымызға оңай тимегенін университетіміздің әрбір қызметкері мен студенті жүрекпен сезінгені анық. Біз ірі өндірістік кәсіпорын немесе қаржы компаниясы емеспіз. Бірақ, қолымыздан келгенше жинаған гуманитарлық көмек қарғын су кесірінен зардап шеккендер үшін маңызды рөл атқарады деп сенеміз», - дейді фронт-офис жетекшісі, Тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Асима Ералиева.

✅ Алыстағы ағайындарға қол ұшын созып, көмек беру ісі жалғасуда.

✅ Біз сіздермен біргеміз, ардақты бауырлар!

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник