KazNARU

KazNARU ЕРІКТІЛЕРІ «АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Университетте «Ең таза оқу корпусы» және «Үздік жатақхана» байқаулары жарияланады

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экологиялық жағдайды жақсарту, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде жергілікті басқару органдарына бірқатар тапсырма беріп, бұл жұмысқа тұрғындармен бірге еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өткен болатын.

✅ Осыған сәйкес, қала әкімі жариялаған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бір айлық науқанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студент жастарынан құралған еріктілер Алматының дамуы мен абаттандырылуына арналған экологиялық акцияларға қатысуға өз үлестерін қоса отырып, тұрғындарды қолдауға шақырды.

Жоспар бойынша бүгіннен бастап «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» девизімен көшет отырғызу және аулаларды абаттандыру апталығы басталды.

✅ 20 сәуірде Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

✅ Үшінші аптада, яғни 22-28 сәуір аралығында «Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер» девизімен тау бөктерінде, саябақтарда, скверлер, жағалау мен су айдындарын тазартуға арналған.

✅ «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» деп аталатын айдың соңғы аптасы – ескерткіштер мен мәдениет нысандарын тазартуға арналады.

1 мамырда 65 қалалық субұрқақты іске қосу жоспарлануда.

✅ «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 мамырда белсенді қатысушыларды марапаттаумен аяқталады.

✅ KazNARU студенттері арасында 15-19 сәуір аралығында «Ең таза оқу корпусы» және «Үздік жатақхана» байқаулары жарияланды.

Мақсат - оқу корпустарының, студенттік жатақханалардың іші-сыртын таза ұстау, табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарас әр жеке тұлғаның өзінен басталатынын ұғындыру, жоғары азаматтық сана мен жауапкершілікке, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Байқаулар барысында оқу корпустарының, студенттік жатақханалардың ішкі тазалығы, сыртқы аумағын жөндеу, ретке келтіру, абаттандыру, гүл отырғызу, қоршаулар мен жол жиектерін ағарту және сырлау (бояу материалдарымен әкімшілік-шаруашылық бөлімі қамтамасыз етеді) бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесі ескеріледі.

✅ Байқау қорытындысы 19 сәуір күні шығарылып, жеңімпаздар сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

✅ Барлықтарыңызды «Ең таза оқу корпусы» және «Үздік жатақхана» байқауларына белсене қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз!

KazNARU Баспасөз қызметі