KazNARU

KazNARU ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қызу қолдау табуда. Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау, қоғамдық орындарда азаматтарды мәдениеттілікке, тазалыққа шақыруды көздейтін экологиялық іс-шаралар бес аптаға созылады.

✅ Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

«Таза өлке» атты бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен» аптасында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру, «Жасыл аймақ» апталығында көшет отырғызу, ағаштарды әктеу, «Өнегелі ұрпақ» аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, «Мөлдір бұлақ» атты қорытынды, бесінші аптада өзендер мен көлдерге санитарлық жұмыстар жүргізіліп, арықтар қоқыстардан тазартылады.

✅ Осыған сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында KazNARU ұжымы мен білім алушылары оқу корпустарында, жатақханаларда және университет аумағында тазалау жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Іс-шара аясында аулалар мен гүлзар бақтар қысқы қоқыстан тазартылып, ішкі жолдар мен ғимараттардың алды-арты ретке келтірілді. Сонымен бірге турникеттер, орындықтар мен жол жиектері боялып, оқу ордасының маңайы әрлене түсті.

✅ Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, аша, тырма, күрек, қолғаптармен толықтай қамтамасыз етілді. Жиналған жапырақтар мен қоқыстарды шығарып, тасымалдау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник