KazNARU

МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН «KazNARU ШАҚЫРАДЫ» АТТЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысы, Балқаш ауданының барлық мектеп бітіруші түлектері мен ата-аналары үшін «KazNARU шақырады» атты Ашық есік күні өткізілді.

Балқаш ауданының әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы 20 мектептің 285 бітірушісі мен «Бақанас аграрлық колледжінің» 46 бітіруші түлектерінің басын қосып, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және белсенді студенттермен кездестіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсетті.

✅ Негізгі мақсат – мектеп және колледж бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

✅ Іс-шараны университетіміздің 1997 жылғы «Экономика» факультетінің түлегі, Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ашып, өңір жастарының жоғары білім қуып, мамандық таңдауына осындай бірлескен іс-шараның зор ықпал ететіндігін, әрі еліміз аграралық мемлекет болғандықтан ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдауға, оқуды аяқтаған соң, елге оралып, қызмет жасауға шақырды. Бүгінгі таңда ауданда ветеринар, орман және аң шаруашылығы, кадастр мен жерге орналастыру мамандары жетіспейтініне де назар аударды.

✅ Кездесуге аудандық Мәслихат хатшысы Қадырбек Омаров, аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов, «Балқаш ауданы білім бөлімінің» басшысы Динара Ақмолдаева, Білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ төрағасы Сайран Смагұлов, «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Күмісбек Ербаев, аудандық мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев Әбікенұлы, сынып жетекшілері мен мектеп директорлары, «Бақанас аграрлық колледжінің» директоры Бақытжан Өксікбаев, барлығы 400-ден аса адам қатысты.

✅ KazNARU тарапынан – «Білім алушылар контингентін қалыптастыру орталығының» директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, «Білім алушылар контингентін қалыптастыру орталығының» бас маманы, а.ш.ғ.к. Динара Бекбаева, «Әскери» кафедра бастығы Еркін Әділбеков, «IT технология және автоматтандыру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Гүлмира Сқабаева, Х.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ. магистрі Құралай Елтаева, «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ассистенті, в.ғ. магистрі Арман Жылқайдар, университетіміздің Баспасөз қызметінің мамандары мен 40 белсенді студенттері болды.

✅ Осы ауданның тумасы, Ж.Жабаев атындағы орта мектептің 1991 жылғы түлегі, профессор Айнұр Қайырбаева еліміздегі жетекші аграрлық оқу ордасы саналатын KazNARU өміріндегі жаңалықтар мен жетістіктер туралы ақпаратты ортаға салды.

Спикер факультеттер және кафедралар туралы, оқыту жүйесіндегі жаңа форматтармен таныстыра отырып, 2024 жылы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» мен «Ветеринария» білім беру топтарына қабылдауда шекті балл 65-тен 50 баллға түсірілгені; екі дипломды және «Вагенинген» Институтында оқытылатын білім беру бағдарламалары; ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық; колледжден кейін немесе екінші жоғары білім алғылары келетін талапкерлерге осы екі білім беру топтарына Онлайн оқытуға құқық берілгені; «Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің (Өзбекстан) филиалы ашылатындығы және әлемдік озық университеттермен бірлескен қарым-қатынастардың нығайып келе жатқаны жайында кеңінен атап өтті.

✅ Университеттің бас маманы Динара Бекбаева Ұлттық бірыңғай тестті (ҰБТ) тапсыру тәртіптерімен таныстырып, «Әскери» кафедра бастығы Еркін Әділбеков Қорабайұлы әскери кафедраға қабылдау шарттары мен тәртіптерін, офицерлік және сержанттық білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндірді.

✅ Балқаш ауданынан университетімізде мемлекеттік грантпен, «Қазақстан халқына қоры» және Алматы облысы әкімінің грантымен білім алып жатқан жастар аз емес. Олардың қатарында – «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің студенті Алтынбай Досымжан, «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің студенті Тынышбек Азиза, «Инженерлік-техникалық» факультетінің студенті Көшкінбай Әлішер, «Ветеринария» факультетінің студенті Алмабек Айым, мемлекеттік грант иегері, «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің студенті, ТМД елдерінің үздік студенті Байдулла Байдаулет бар.

✅ Іс-шара аясында мектеп бітірушілерге KazNARU туралы ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар, университет логотипі бейнеленген жаздық жейделер таратылды, қызықты сұхбаттар жүргізілді. Кәсіби бағдар беру жұмысы негізінен (ресми шара, концерттік бағдарлама және интелектулдық ойын ойнату) сияқты 3 бөлімді құрады.

✅ Ресми бөлім аяқталған соң, белсенді білім алушыларымыздың күштерімен дайындалған, қызықты концерттік бағдарлама қойылды. Сонымен бірге мектеп бітіруші түлектермен танымдық тақырыптар аясында түрлі ойындар ойнатылды. 1-ші бөлімде берілген ақпараттардың негізінде сұрақ-жауаптар өткізіліп, эксперименттің қорытындысы шығарылды.

✅ Өз кезегінде кездесуге қатысқан жас түлектер KazNARU сияқты үлкен оқу ордасында білім алуға қызығушылық танытты, өткізілген іс-шараға оң бағаларын берді.

✅ Кездесуге қатысушылар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А.Қонаевтың саябағында болып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі туралы тарихи мағлұматтар алып, жақсы әсермен қайтты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник