KazNARU

KazNARU СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

2024 жылдың 20 сәуірінде KazNARU спорт кешенінде Алматы дивизионы бойынша Студенттік спорт лигасы аясында қазақ күресінен аймақтық жарыс болып өтті. Жарысқа оңтүстік астанамыздағы 15 жоғары оқу орнының плауандары қатысты.

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ Ұлтттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақстан-Ресей медициналық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Қазақ сәулет-құрылыс академиясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Алматы Технологиялық университеті.

✅ Қазақ күресі – ұлттық төл спортымыздың тамыры тереңнен басталатын ерекше түрі. Бүгінгі таңда кең етек жайған самбо, дзюдо, еркін күрестердегі негізгі айла-тәсілдердің көпшілігі қазақ күресінен бастау алғаны дәлелденуде. Әсіресе, белбеу пайдаланып күресу тәсілі та¬ны¬мал спорт түрінің сестілігін көрсетеді.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов аймақтық жарысқа қатысушыларды құттықтап, палуандарға сәттілік тіледі.

«Ұлттық күрестің дамуы елімізде Тәуелсіздік кейін жаңа сипатта серпін алды. Жыл сайын аудандық, аймақтық, республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер өткізіліп келеді. Ал, 2012 жылдан бастап қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі ұйымдастырылып, оған жастар белсене қатысуда. Білім алушылардың спортпен айналысуына біздің университет те ерекше көңіл бөліп, қолдау жасап келеді. Біз ата-бабамыздан қалған қазақ күресінің бас¬ты қағидасы – әділеттілік екенін жақсы білеміз. Тәрбиелік маңы¬з¬ы зор, ұлттық намысты қайрап, көрерменге асқан шабыт сыйлайтын құдіреті биік күрес. Осы ата дәстүрін жалғастыры келе жатқан баршаңызға жеңіс пен сәттілік тілеймін!» - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Жарыстың ашылу салтанатына KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры - Проректор Айтжан Абдыров, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, профессор Ерғали Мухиддинов, Қазақстан Студенттік спорт Одағының вице-президенті, профессор Мұхтар Есқалиев, Грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҰСТ және Күрес кафедрасының меңгерушісі Талғатбек Қожамжаров, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен спорт сүйер көрермендер қатысты.

✅ Қазақ күресінен аймақтық жарысты ұйымдастырған KazNARU Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Меруерт Тұяқбаева.

Бас төреші – Қазақ күресінен спорт шебері, Ұлттық дәрежедегі төреші Жангелді Хамитов. Бас хатшы – Ұлттық дәрежедегі төреші Ержан Белгібаев және Мұрат Нокишев.

✅ Жылдамдық пен ептілікті, күш пен түрлі айла-тәсілдерді қажет ететін қазақша күрес өте тартысты және қызықты өтті. Жанкүйерлердің көңіл-қуанышын арттырып, қандарын қыздырып, керемет әсер сыйлады.

✅ Қазақ ұлттық зерттеу университетінің 4-ші курс студенті Жұмабай Жантөре +90 кг салмақта жеңімпаз атанып, 2-ші курс студенті Кенжебек Темірлан 90 кг салмақта жүлделі 3 орынға ие болды.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник