KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА БІРЛЕСКЕН «ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНА» ҚҰРЫЛАДЫ

KazNARU базасында қытайлық Dayu Irrigation Group компаниясымен бірлесіп, су тасқынын болжау мақсатында су ресурстарын ақылды басқару үшін "Цифрлық зертхана" құру бойынша жұмыстар басталды.

✅ Аса маңызды іс-шараға – Dayu Water Saving Group аға Вице-президенті және Dayu Agricultural Water Group президенті Цуй Цзин, Dayu Water Saving Group вице-президенті және Dayu Design Consulting Group президенті Цзинь Ян, Dayu Agricultural Water Group Central Asia бас директоры Кан Хай, Даю ауыл шаруашылығы сулары тобының өкілі Нұрзати қатысты.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимовтың айтуынша, "Цифрлық зертхана" базасында су ресурстарын мониторингілеу және болжау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ еліміздің су саласы үшін заманауи жоғары білікті мамандар даярлау ұйымдастырылады.

"Су тасқынын тиімді басқару және болжау қоғам мен қоршаған ортаға зиян келтірмеуде өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі заманғы технологиялар мен аналитиканы пайдалану арқылы, мемлекеттік және жергілікті органдар су тасқыны қаупіне қарсы жедел шаралар қолдануға қабілетті мониторинг және алдын-ала ескерту жүйелерін құра алады", - деп атап өтті Примкул Шолпанқұлұлы.

✅ Сонымен қатар, тиімді басқару жүйесі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды нақты жоспарлауды және жүзеге асыруды қамтиды, мысалы, бөгеттер салу, суды бұру жүйелері және дренажды жақсарту мен су ресурстарының қозғалысын цифырлық қашықтан бақылау. Мамандар жүргізген мәліметтер мен зерттеулерге сүйене отырып, халық пен дүние-мүлікті су тасқынынан қорғау үшін негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетін дәлірек болжамдар жасауға болады.

✅Пірімқұл Ибрагимов университеттің өзекті агроөнеркәсіптік мәселелерді шешудегі жұмыстары туралы және ҚХР компанияларымен серіктестіктің дамып келе жатқаны жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол су ресурстарын неғұрлым тиімді басқару үшін заманауи тәсілдер мен цифрландыруды дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан аумағында және оған іргелес өңірлерде су тасқынын тиімді және ұзақ мерзімді болжаудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын ел күтіп отырғанын атап өтті.

✅ Университетті трансформациялау және жаңа ғылыми жобалармен жұмыс істеу туралы KazNARU проекторы Рафис Абазов таныстырды. Ол жаңа технологияларды тарту және трансфер бойынша жұмыс істеу үшін университет қызметін интернационалдандырудың маңыздылығына тоқталды..

✅ KazNARU АгроХабының директоры Ф. Ермеков Қазақстанның солтүстігіндегі катаклизмдерге байланысты туындаған міндеттерді шешу мақсатында Су Хабын кеңейту және нығайту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы ұсынды.

KazNARU баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник