KazNARU

KazNARU «ҮЗДІК ЖАТАҚХАНА» және «ҮЗДІК ОҚУ ҒИМАРАТЫ» байқауларының жеңімпаздары марапатталды

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» бір айлық акциясы аясында 15-19 сәуір аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Таза оқу корпусы» және «Үздік жатақхана» байқаулары жарияланған болатын. Осыған орай, оқу ордасының тәрбие жұмысы, жастар ісі, инфрақұрылымды дамыту, кадрлармен жұмыс, кәсіподақ, баспасөз қызметінің өкілдері мен белсенді студенттерден құрылған қазылар алқасы жатақханалар мен оқу ғимараттары аумағының тазалығын, аббатандырылуын, көгалдандыру шараларын тексеріп, аралап шықты.

✅ Орталық стадионда байқаудың қорытындысы жарияланып, байқауға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімінде KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов басшылықтың атынан жеңімпаздарды құттықтап, сертификаттар тапсырды.

✅ Қазылар алқасының шешімімен «Инженерлік-техникалық», «Ветеринария», «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеттері «Ең таза оқу корпусы» номинациясына ие болып, университеттің брендтік өнімдерімен және сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды анықтауда аталған факультеттердің әлеуметтік желілердегі осы науқанды насихаттаудағы ерекше белсенділіктері де ескерілді.

✅ "Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік жатақхана» байқауының жеңімпаздары да анықталып, қаржылай сыйлықпен және сертификаттармен марапатталды" - дейді Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Асима Ералиева.

✅ «Үздік жатақхана» – №10 «Ақ қайың» жатақханасы («Су, жер және орман ресурстары» факультеті).

✅ «Үздік қабат» – №5 «Жалын» жатақханасының 3-ші қабаты («Ветеринария» факультеті).

✅ «Үздік бөлме» – №2 «Жас Орда» жатақханасының №24 бөлмесі («Агробиология» факультеті).

***

✅ 2024 жылдың 29 наурызында жарияланған «Студенттік өмірдің ғажайып сәттері» ТІК-ТОК бейнероликтері байқауы бойынша төмендегі факультеттер жеңімпаз деп танылды.

✅ 1-орын (біреу) - «Ветеринария» факультетінің №5 «Жалын» студенттік жатақханасы

✅ 2-орын (екеу) – «Агробиология» факультетінің №2 «Жас Орда» студенттік жатақханасы және «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің №10 «Ақ қайың» студенттік жатақханасы

✅ 3-орын (үшеу) – «Инженерлік-техникалық» факультетінің №1 «Болашақ» студенттік жатақханасы; «Бизнес және құқық» Жоғарғы мектебінің №3 «Шаңырақ» студенттік жатақханасы және «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің №6 «Ақбұлақ» студенттік жатақханасы.

***

✅ Сондай-ақ, Алматы қалалық «JAS GALA» шығармашылық фестивалі аясында әр университеттерде іріктеу кезеңі өткізілуде. Жыл сайынғы тамаша үрдіске айналған факультетаралық «Street Dance» би байқауы осы іріктеу кезеңімен ұштастырыла жүргізілді.

✅ I орын және 60 000 теңгелік сертификат - «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінен құралған «Venus» командасы;

✅ II орын және 40 000 теңгелік сертификат - Бизнес және құқық жоғары мектебінен құралған «NaVi» командасы;

✅ III орын және 30 000 теңгелік сертификат - «Су, жер және орман ресурстары» факультетінен құралған «EGO» командасы;

✅ «Ең үздік қойылымдық флешмоб» номинациясы және 15 000 теңгелік сертификат - «Агробиология» факультетінен құралған «ABF» командасы;

✅ «Ең үздік көше биі» номинациясы және 15 000 теңгелік сертификат - «Инженерлік-техникалық» факультетінен құралған «Peekaboo» командасы

✅ «Көрермен көзайымы» номинациясы және 15 000 теңгелік сертификат - «Ветеринария» факультетінен құралған «B.I.B» командасы марапатталды.

✅ «Осы байқауларды жоғары дәрежеде ұйымдастыруға қаржылай қолдау білдірген универсиет басшылығына үлкен ризашылық білдіреміз. Алдағы аптада да акциялық шаралар жалғасып, сенбілік жасау, ағаштар мен жасыл желектер отырғызу жоспарлануда. Тазалық әр ауладан, әр жатақханадан, өзің оқып-білім алатын оқу ғимаратынан басталады. Қаламыздың, сүйікті университетіміздің тазалығына бәріміз де бір кісідей атсалысайық!» - дейді Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшірәлі Сманов.

✅ Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да әрқашан сәттіліктер тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник