KazNARU

KazNARU НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДІГІНДЕГІ СЕРІКТЕСТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ ДАМЫТУДА

✅  2024 жылғы 24 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Нидерланды Корольдігінің жоғары лауазымды делегациясы келді. Делегация құрамында СІМ Департаментінің директоры Эрик Уэстрейт, Гаагадағы Орталық Азия бойынша СІМ өкілі Аарт Мурай, Нидерланды елшісі Нико Шермерс, Нидерландының Құрметті консулы Шыңғыс Қанапиянов бар.

✅  Сапардың мақсаты – KazNARU инновациялық жетістіктерімен танысу, Вагиненген университетімен жұмыс жөніндегі Институт қызметін жаңғырту, Нидерланды Корольдігі мен Қазақстан арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ жаһандық катаклизмдер проблемаларын шешу саласындағы әріптестікті кеңейту. 
  
✅  KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректоры Ақылбек Күрішбаев Нидерландтық серіктестерімен бірлескен жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары туралы өз пікірімен бөлісті.

«Біріншіден, біздің барлық күш-жігеріміз KazNARU студенттерінің аграрлық мамандықтар мен орман ресурстары бойынша QS әлемдік рейтингінде №1 жоғары оқу орны болып табылатын Wageningen University арқылы қос дипломды білім алуына бағытталған. Біз 2020 жылы осы университеттің тәжірибесін зерделеу негізінде «Ветеринарлық азық-түлік қауіпсіздігі және технологиясы» әрі «Өсімдіктер туралы ғылым және технология» атты екі білім беру бағдарламасын бекіттік. Биылғы академиялық жылы жастар арасында сұранысқа ие болып отырған бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері бітіреді», - деді Ақылбек Қажығұлұлы.

✅   Екіншіден, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында 2019 жылдан бастап аумағы 1,5 га болатын «Интенсивті бақ» Қазақстан-Нидерланды орталығы жұмыс істейді.

«Аталған орталықты ұйымдастырудың мақсаты – жаңа сорттар мен тамыр сабақтарын, тиімді өндірістік жүйелерді және заманауи Нидерланд технологияларын пайдалана отырып, жеміс өсіруді тұрақты дамыту саласындағы заманауи инновацияларды көрсету мақсатындағы көрме алаңын құру. Міне, біз осы бағытта Сіздердің қолдауларыңызға сенеміз», - деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.

✅  Үшіншіден, 2023 жылдың басында KazNARU басшылығы «Wageningen Metropolitan food cluster» компаниясымен біздің фермерлер арасында Extention Centers бағдарламасы арқылы агроөнеркәсіптік кешенді кешенді дамытудағы Нидерландының озық тәжірибесін тарату, сондай-ақ қазақстандық жаттықтырушыларды инновациялық Нидерланды агротехнологияларын практикалық пайдалану бойынша оқыту туралы Меморандум қабылдаған болатын. Қазақстандық бизнесмендер мен практиктер тарапынан Нидерландыдан келген жаңа агротехнологияларға үлкен қызығушылық пайда болуда. 

«Біз барлық голландиялық серіктестермен және әсіресе Вагенинген зерттеу университетімен «Бау-бақшадағы агротехнология» атты жаңа білім беру бағдарламасын құру, сондай-ақ тұрақты даму бойынша GREEN PACK консорциумымен ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», - деп қорытындылады сөзін университет ректоры.

✅  Өз кезегінде СІМ Департаментінің директоры Эрик Уэстрейт Нидерландының Қазақстанмен әріптестік және ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін атап өтті. Ол сондай ақ Нидерланды пастасы ғылыми байланысты кеңейтуді және Қазақстан Республикасының жаңа жобаларын қолдайтынын атап өтті.

«Нидерланды Үкіметі пен халқы Қазақстанның солтүстік облыстарындағы су апатынан болған күрделі жағдайдың ауыртпашылығын және су тасқыны проблемасын шешудегі қиындықтарды мұқият қадағалауда. Нидерланды ғалымдары ауа-райының апаттары кезінде теңізден су ағындарын реттеу үшін бөгет салуда үлкен тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе елді мекендерді қорғау үшін су ағындарын басқаруға мүмкіндік береді. Біздің сарапшылар тобы қазіргі уақытта Қазақстанға келіп, қарғын суларды болжау және проблемаларды шешу мүмкіндіктерін бағалау бойынша өз жұмысын бастап кетті»,- деді Эрик Уэстрейт мырза.

✅  Тараптар жоғарыда аталған салалар бойынша тәжірибе алмасу, Академиялық қызмет, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндірістерді дамыту мақсатында технологиялар, зерттеулер мен инновациялар бойынша әріптестік қатынастарды дамытуды айқындады.

✅  Университет ректоры А.Күрішбаев қонақтарға көпжақты көмек пен сындарлы өзара қолдау жасағандары үшін алғысын білдірді.

Кездесуге KazNARU проректорлары мен ғалымдары қатысты.

KazNARU баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник