KazNARU

KazNARU «АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЗДЕСТІ

 Еліміздегі аграрлық саладағы жетекші оқу ордасы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің сапалы кадр даярлаудың алтын бесігі, ірі құрылымның бірі – «Агробиология» факультеті. Кеше факультет оқытушыларының ұйымдастыруымен, ардагер ұстаздар мен студенттердің қатысумен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кездесу болып өтті. 
                                                   
✅  Ең алғаш 1930 жылы «Дәнді дақылдар» деген атпен ашылған бұл факультет аграрлық сектор үшін 32 мыңнан астам аса білікті мамандар даярлап шығарды. Қазіргі уақытта факультетте 3 кафедра бар: «Агрономия, селекция және биотехнология», «Топырақтану, агрохимия және экология», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин».
Қызметкерлердің құрамында ҚР ҰҒА-ның 2 академигі, 5 АШҒА академигі, 12 ғылым докторы, 33 ғылым кандидаты, 17 PhD докторлар және магистрлар жұмыс істейді. 
                                                  
✅  Кеш қонақтары – қадірменді ардагер ұстаздар Атақұлов Тастанбек Атақұлұлы, Сулейменова Назия Шукенқызы, Алманиязов Эльнарт Ағабайұлы, Уразымбетова Қарлыгаш Нурсалиқызы, Салакшинова Бахты Майқанқызы өздерінің қызықты да, қиындыққа толы еңбек жолдары туралы, агробиология   мамандығының ерекшеліктері жайлы естеліктерімен бөлісті.
                                                   
✅  Студенттер дала дақылдарын өсірудің технологиялары, бау-бақша өсіру индустриясындағы селекция, питомник шаруашылығы, агротехнология, биотехнология, фитопатология және энтомология салалары, өсімдік қорғау және карантин, топырақ құнарлылығын жоғарылатудың тиімді тәсілдері, ауылшаруашылық дақылдарының минералдық қоректенуі сияқты т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, профессор-оқытушылар тарапынан лайықты жауаптар алды.
Бүгінде университет базасында агрокешендегі жас мамандар үлесін арттыруға мүмкіндіктің бәрі жасалған. «Агробиология» факультетінің студенттері шет елдердің озық университеттерінде білімін жетілдіріп, өндірістік практикадан өтіп, екі дипломға ие болу мүмкіндігін пайдалануда. 
                                                   
✅  Кездесуге факультеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есіркепов Уызбек Шакирұлы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұматаев Марат Ермекбайұлы, профессор оқытушылар құрамы  және студенттер қатысты. Кеш барысында қазақтың күйі күмбірлеп, әндері шырқалды.

✅ Факультет деканы, PhD қауымдастырылған профессор Ержан Абилдаев «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дей отырып, студеттерге арнаған әсерлі әңгімелері үшін құрметті қонақтарға сый-сияпат көрсетіп, алғыс білдірді. 

KazNARU Баспасөз қызметі.
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник