KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА ХVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ПӘНДІК СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Тәуелсіз еліміздің аграрлық саласы мен ғылым-білімнің өркендеп, дамуына барынша үлес қосып келе жатқан, 95 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ХVI Республикалық аграрлық мамандық бойынша пәндік студенттер олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.

✅  Еліміздегі 18 жоғары оқу орындарының 203 үздік студенті бақ сынасатын Республикалық олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекші ұстаздарын KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директор – Проректор, педагогика ғылымдарының докторы Айтжан Абдыров құттықтап, сәттілік тіледі.

✅  «Мұндай пәндік олимпиадаларды өткізудің басты мақсаты –  салалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту, оларды ғылыми бағытқа ынталандыру, шығармашылыққа бейімі бар дарынды жастарды анықтау болып табылады. Олимпиадаға қатысу арқылы барша үміткерлер зияткерлік тұрғыдан өзі сияқты талантты студенттермен күш сынасып, жаңа қырынан танылуға, болашақта ғылыммен жан-жақты айналысуға мүмкіндік алады. Университет басшылығы атынан баршаңызға ақ жол тілеймін және жеңіс тұғырынан көріне біліңіздер!» - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.

✅ Өздерінің дарынды үміткерлерін үкілеп әкелген С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті т.б. ЖОО студенттері 9 дайындау бағыттары, оның ішінде 16 білім беру бағдарламасы бойынша өзара сайысқа түседі.

✅ Олимипиададағы алғашқы асуларыңыз жемісті де, жеңісті, қуанышты жетістіктерге толы болсын, құрметті қатысушылар! 

 KazNARU Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник