KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

 Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институтынан келген профессор-оқытушылар құрамына 144 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар табысталды.

✅  Біліктілікті арттыру курстары профессор-оқытушылардың педагогикалық қызметін нәтижелі атқаруын және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби білімін дамытуды көздейді.

✅  Курсты бітірушілерге KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры – Проректор, педагогика ғылымдарының докторы Айтжан Абдыров арнайы сертификаттар тапсырып, сәттілік тіледі.
 
✅  Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнологиялары институты, «Егіншілік, ауыл шаруашылық селекциясы және тұқымшаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, доцент Исмайлов Махсетбай Ембергенович «Агрономиядағы ғылыми зерттеулердің негіздері» («Основы научных исследований в агрономии») бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Жетекшісі: Мырзабек Карима Аймаханқызы («Агрономия, селекция және биотехнология»  кафедрасының қауым. профессоры)
 
 ✅   Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институты, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, дәрілік өсімдіктерді өсіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының доцент, PhD Тажетдинов Наурузбай Дарибаевич «Мия өсімдігін өсіру технологиясы» («Технология выращивания растения солодки») бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Жетекшісі: Мажитова Роза Сабитовна («Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин»  кафедрасының аға оқытушысы)

✅  Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институты,  «Егіншілік, ауыл шаруашылық селекциясы және тұқымшаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, доцент  PhD Алламбергенов Танжарбай Даулетмуратович «Селекциядағы генетиканың рөлі» (Роль генетики в селекции) бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Жетекшісі: Сулейменова Сауле Ертаевна («Агрономия, селекция және биотехнология»  кафедрасының профессоры) 

✅  Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институты,  «Агробизнес және бухгалтерлік есеп» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мирзаев Батыр Жийенбаевич «Агробизнестегі инновациялық қызмет» («Инновационная деятельность в агробизнесе») бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
Жетекшілері: Курбанбаева Айнаш Амангельдиевна (Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» («Инновационная деятельность в агробизнесе») кафедрасының аға оқытушысы), Бейсенова Гульнара Шоганбековна (Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының қауым. профессоры)

✅  Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнология институты,  «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Бекимбетов Бахадир Мирзабаевич «Тәуелсіздік жылдарындағы Өзбекстан мен Қазақстан Республикаларының әлеуметтік-экономикалық қатынастары» («Социально-экономические отношения Республики Узбекистана и Казахстана в годы независимости») бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

Жетекшілері: Курбанбаева Айнаш Амангельдиевна (Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы), Бейсенова Гульнара Шоганбековна (Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының қауым. профессоры).

✅  Қарақалпақстандық ғалым әріптестерімізді кезекті шыққан белестерімен құттықтаймыз және алдағы қызметтеріне сәттәләк тілейміз! 

KazNARU Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник