KazNARU ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ «АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ
Оңтүстік астанамызда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтіп жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымдарға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.
Үшінші аптада, яғни 22-28 сәуір аралығында «Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер» девизімен ұйымдастырылған сенбілікке ұласты. Осыған байланысты әрбір мекеме ұжымы өздерінің саябақтарында, скверлерде, тау бөктері мен өзен жағалауларын тазартып, абаттандыру мен көгалдандыруға қатысуда.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы мен ұстаздары да, студенттері де бұл істен шет қалмады. Олар бір кісідей сенбілікке шығып, оқу ғимараттары мен жатақханалардың алдын, гүлзарларды тазартып, ағаштарды әктеді.
Ал, «Ветеринария», «Агробиология», «Зооинженерия, «Су, жер және орман ресурстары» факультеттерінің 300 студенті «Алатау» паркінде тал отырғызу жұмыстарымен айналысты. «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі және «Инженерлік- техникалық» факультеттің 100 студенті Рысқұлов даңғылының (Құлжа тракті) бойында тазалық жұмыстарын жүргізуге белсене қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі