KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА ОҚЫП ЖҮР

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – университет Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев пен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Ректоры Баходир Мирзаевтың бірнеше рет кездесулері болып өткен еді.

✅ Нәтижесінде өткен жылы KazNARU базасында «ТИАШМИИ» ҒЗУ филиалын ашу жөніндегі Жол картасы қабылданып, оны Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктері бекітті.

✅ Қазіргі уақытта білім беру, ғылымды дамыту қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен Шарт негізінде KazNARU Су ресурстары және мелиорация кафедрасының «Су ресурстары және суды пайдалану» БББ бойынша 15 бірінші курс студенттері «ТИАШМИИ» ғылыми зерттеу университеттінде оқуын жалғастыруда.

✅ Өзбекстандық әріптестеріміз жастарымызды жылы шыраймен қарсы алып, жайлы жатақханаларға орналастырумен қатар, мәдени іс шаралар ұйымдастырып, олардың студентттік өмірлеріне естен кетпес қызықты сәттер сыйлап отыр. Мына жастарымыз жолдаған әдемі көріністер сондай әсерлі сапардың бірінен түсірілген бейнесюжеттер екен. Қабыл алыңыздар!

✅ Биылғы мектеп түлектеріне құлаққағыс! Егер, әлемдік озық университеттерде қатар оқып, екі диплом алғыларыңыз келсе, KazNARU сіздерді күтеді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник