Күшіміз – бірлікте! KazNARU ұжымы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылу жөнелтті
Күшіміз – бірлікте! KazNARU ұжымы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылу жөнелтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсетуін тоқтатқан жоқ. Осы уақыт аралығында оқу ғимаратынан арнайы гуманитарлық көмек орнын ашып, халыққа бірінші кезекте аса қажетті азық-түлік, гигиеналық тауарлар және тұрмысқа керекті заттар, киім-кишектер жинаған болатын.
Бұл қайырымдылық шарасына оқу орнының ұстаздар қауымы, студент жастар ерекше атсалысты. Нәтижесінде 1 тоннаға жуық гуманитарлық жылу жиналды.
Университет ұжымы бұл көмекті Алматы қаласының Алмалы ауданындағы комьюнити орталығынан ашылған су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне апарып тапсырды.
Сонымен бірге университеттің оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерінің бір күндік жалақысынан жиналған қомақты қаржы «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылды.
Алыстағы ағайындарға қол ұшын созып, көмек беру ісі жалғасуда.
Күшіміз – бірлікте! Біз сіздермен біргеміз, ардақты бауырлар!