KazNARU

40-тан астам ЖОО және 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР: АҚТАУДА БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

2024 жылдың 13 мамырында Ақтауда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған өңір талапкерлеріне арналған жоғары білімнің ауқымды көрмесі басталды.

✅ Көрмеде Қазақстанның түрлі қалаларынан 40-тан астам жетекші ЖОО өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Көрме жұмысы барысында ЖОО өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау науқандары, университеттің халықаралық ынтымақтастығы және академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, студенттік өмір және т.б. туралы сұрақтарына жауап берді.

✅ Көрмеге еліміздегі аграрлық жетекші оқу ордасы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университінің өкілдері де қатысып, «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында оқу ордасын таныстыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін жеткізу.

✅ Қазақстан аграрлық мемлекет екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, басты мақсат – осы агроөндірістік саланы алға апаратын білікті мамандар даярлау болып табылады. Мектеп бітірушілерге оқу ордамыз туралы ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды, қызықты сұхбаттар, тренингтер өткізілді.

✅ Көрменің бірінші күні 3000-ға жуық Ақтау қаласының мектеп және колледж түлектері келді. Көрме қонақтары халқы тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі және тегін оқу мүмкіндігі туралы қажетті ақпарат ала алды.

Болашақта жоғары білім алушылар үшін аса маңызды іс-шара бүгін Жаңаөзен қаласында жалғасын табуда.

✅ Мектеп бітіруші жас түлектер! Егер, сіздер KazNARU мен шет елдің озық университеттерінде қатар білім алып, екі дипломға ие болғыларыңыз келсе, әрқашан есігіміз ашық!

✅ Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

✅ Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыс пен үлкен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник