KazNARU

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ АТЫРАУДА ЖАЛҒАСУДА

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастырған жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі Атырау облысының орталығында жалғасуда.

✅ Көрмеге қатысушы 40-тан астам оқу ордасының қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университінің өкілдері «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында белсенді жұмыстар жүргізуде.

✅ Көрме жұмысы барысында мектеп бітіруші талапкерлер мен олардың ата-аналары өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойып, университет факультеттерінің ерекшелігі жайында нақты жауаптар алды. Сонымен бірге, KazNARU туралы танымдық ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды, сұхбаттар өткізілді.

✅ Айта кетейік, «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында университетіміздің өкілдері бұған дейін Атырау қаласындағы Агротехникалық коледжде болып, бітіруші түлектермен кездескен болатын. Батыс өңірлердегі жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі туралы қажетті ақпараттар түсіндірілді.

✅ Құрметті жас түлектер! Егер, сіздер KazNARU мен шет елдің озық университеттерінде қатар білім алып, екі дипломға ие болғыларыңыз келсе, әрқашан есігіміз ашық!

✅ Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

✅ Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыс пен үлкен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник