ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ KazNARU-да БОЛДЫ
2024 жылғы 17 мамырда Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, оқу ордасының ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүреков қатысты.
Кездесу барысында тараптар KazNARU мен Қытайдың ғылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты кеңейту және тереңдету жөнінде пікір алмасты.
KazNARU Басқарма төрағасы - ректор, ҚР ҰҒА президенті Ахылбек Күрішбаев Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы сенімді серіктесі болып табылатынын және "Бір белдеу – бір жол" бастамаларын қолдайтынын, онда көрші елдер түрлі бағыттар бойынша, оның ішінде аграрлық салада жемісті ынтымақтасатынын атап өтті.
"KazNARU өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда жетекші рөл атқарады және АӨК саласында терең өңдеу, су ресурстарын тиімді басқару, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі, климаттық өзгерістердің салдарымен күресу бойынша көптеген ауқымды ғылыми жобаларды іске асырады. Бүгінгі таңда KazNARU ҚХР - дың 20-дан астам жетекші университеттерімен білім беру бағдарламалары мен бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру бойынша шарттарға қол қойды. Оның ішінде біздің серіктестеріміз: Қытай аграрлық университеті (Пекин), қытайлық Dayu Irrigation Group компаниясы, Ланжоу университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті, Сычуань ауылшаруашылық академиясы, Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті, Ланьчжоу ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты бар", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.
Тараптар екі елдің арасындағы ғылыми және білім беру қарым-қатынастарын дамытуға үлкен әсер ететін үш маңызды бағытты талқылады.
Бірінші, Қытайдың ауылшаруашлығын дамытудағы тәжірибелік жетістіктерін пайдалана отырып, қытай технологиясын енгізу арқылы экологиялық таза өнім алуға, оны экспорттауға арналған бірлескен Технопарк құру.
Екінші, ҚХР жоғары білім беру саласындағы жетекші оқу орны – Қытай Аграрлық университетінің (САU) KazNARU базасында Филалын құру. Ректор аталған филиалдың ашылуы екі елдің ғалымдарына АӨК өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Үшінші, Қазақстандағы суды үнемдеу, су ресурстарын цифрлық басқару басқару бойынша ауқымды (Мега грант) жобасын бірлесе жасау. Университет басшысы Ақылбек Күрішбаев су ресурстарын тиімдірек басқару үшін заманауи тәсілдер мен цифрландыруды дамытудың қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстан аумағында және оған іргелес өңірлерде су тасқынын ұзақ мерзімді болжаудағы өзекті мәселелерді алдын алудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, ветеринария ғылымы саласында білікті кадрларды бірлесе дайындау, ветеринария ғылымы бойынша қазақ-қытай бірлескен халықаралық жобаларын бастау; университет базасында «Ветеринариялық ғылыми зертхана» мен «Қазақ-Қытай Ақылды ауылшаруашылық орталығын» құру, екі ел арасындағы озық университеттер арасында ынтымақтсатықты дамыту сияқты көптеген мәселелер қарастырылды.
Өз кезегінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Лю Гочжун Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті, сондай-ақ екі ел арасындағы ғылым және білім беру байланыстарын тереңдетудің тиімді тетіктерін бірлесе іздеуді және іске асыруды жеделдетуге ниет білдірді.
Қонақтар алдында халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов сөз сөйлеп, жусан тозаңынан туындаған аллергиялық ринит пен өкпе демікпесінің иммунотерапиясына арналған бірегей PollenVax вакцинасын таныстырды. Бұл вакцина Вице-премьер мырзаның қызығушылығын тудырды, өйткені жусан тозаңы аллергиялық ринитпен ауыратын Солтүстік Қытай халқының 50%-дан астамында қоздырғыш болып табылады. Қазақстан мемлекеті тарапынан вакцинаны клиникалық зерттеуге қаржыландыру күтілуде, сондай-ақ оны Қытайдың биофармацевтикалық кәсіпорындарында өндіру жөнінде ұсыныс жасалды.
Сондай-ақ, қытай делегациясының мүшелері KazNARU ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысып, Вагенинген университетімен жұмыс жөніндегі институтқа барды және оқу ордасындағы инновациялық ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады.
Кездесу өзара сыйластық пен түсіністік жағдайында өтті және мәртебелі қонақтар алдағы уақытта университетпен әріптестік ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі