KazNARU

КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ НАЗИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА МЕРЕЙЛІ 80 ЖАСТА

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көрнекті ғылым және қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық аграрлық академиясының академигі Сүлейменова Назия Шөкенқызының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

✅ Конференцияға алыс-жақын шет елдерден келген танымал зерттеуші-ғалымдар, бірге қызмет істеген әріптестері мен шәкірттері қатысты.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев оқу ордамызда жарты ғасырдан аса абыройлы еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаздың отандық аграрлық ғылымды дамытудағы қосқан үлесі айырықша екендігін атап өтіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

«Назия Шөкенқызын отандық аграрлық және экология ғылым саласындағы «Жалпы егіншілік» мамандығы бойынша қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор ретінде жоғары бағалаймыз. Қазіргі таңда, ғылыммен қатар ұстаздықты қатар алып жүрген әріптесіміз ауыл шаруашылығы үшін жоғары дәрежелі мамандар даярлауда белсенді қызмет атқаруда. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке, қызметіңізге табыстар тілеймін!», - деді университет басшысы.

✅ Бүгінде KazNARU қабырғасында «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры болып қызмет атқаратын Назия Сүлейманованың өзінің ғылыми мектебі қалыптасқан. 3 монография, 28 оқулық, 38 оқу құралы, 360 мақалалар мен ғылыми-оқу-әдістемелік еңбектердің және 2 патенттің авторы атанды.

Мысалы, ғалымның климаттық жаһандық өзгеру кезеңінде жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстары – Қазақстанның ауыл шаруашылығы алқаптары ресурстарын ұтымды пайдаланудағы ең инновациялық жаңалық ретінде қабылданды.

Сонымен қатар, агроэкожүйелердің биоөнімділігін арттыру үшін IT-технологиялардың жоғары ғылыми тәсілдері мен тиімді әдістерін агроөнеркәсіп саласына әзірлеп енгізген жаңалықтары күні бүгінге дейін қолданыста жүр. Шетелдік ғалымдар да жоғары бағасын берді. Нәтижелі ғылыми ізденістері мен айтулы жетістіктерге жеткен ғалымның баянды ғұмыры кейінгі жастарға үлкен үлгі-өнеге.

✅ Іскерлігімен, өмірдегі қажырлы еңбегімен, ақжарқын мінезімен көпшіліктің құрметіне бөленген Сүлейменова Назия Шөкенқызын мерейлі төл мерекесімен құттықтаймыз!

✅ Ел алдындағы абырой-беделіңіз арта берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник