АТЫРАУДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жалғасқан аталмыш көрме аясында өңірдегі жалпы орта білім беретін мектептердегі кәсіби бағдар беруші мамандарға арнайы форум өткізілді. Онда жиналғандарға нысаналы білім беру гранттары бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмысытары жүргізілді.
Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Ұлттық бірыңғай тестілеу және гранттар» тақырыбында сөз сөйлеп, бөлінген мелекеттік гранттар туралы жан-жақты ақпарат берді.
«JOO High School» мектептер желісінің бағдар беруші бас маманыы Диас Асанов «Кәсіби бағдар беруші нұсқаулығы мен бақытты оқушы» бойынша ой бөлісті.
Сондай-ақ, ата-аналарға арналған арнайы семинар өткізіліп, мектеп бітіруші талапкерлердің болашақ мамандық таңдауы, жастардың психологиялық күйі мен мақсат-мүддесіне мән беру маңыздылығы, тестке дайындалу бойынша кеңестер берілді.
Көрмеге қатысушы 40-тан астам оқу ордасының қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университінің өкілдері «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында белсенді жұмыстар жүргізді.
Мектеп бітіруші түлектерді KazNARU-ға шақыра отырып, университет пен шет елдің озық университеттерінде қатар білім алып, екі диплом алу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.
KazNARU Баспасөз қызметі