ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СУДЫ ҮНЕМДЕУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ
Сондай-ақ көрші мемлекеттің агросектордағы озық технологиясын енгізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бірлескен технопарк құру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Гочжунның Алматыға сапарында белгілі болды.
Қазақстан суды үнемдеу, ірі өзен-көлдерді цифрлық жүйемен басқару бойынша Қытаймен ауқымды жобаны жүзеге асырады. Сондай-ақ көрші мемлекеттің агросектордағы озық технологиясын енгізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бірлескен технопарк құру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Гочжунның Алматыға сапарында белгілі болды. Қазақстан – көрші елдің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдайтын Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Кездесуде Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қытай Аграрлық университетінің филиалын ашу мәселесі де сөз болды. Сонымен бірге «Суды үнемдеу Цифрлық ғылыми зертханасын» құру жайы қаралды. Ақылбек Күрішбаев, ҚР ҰҒА президенті: - Су ресурстарын басқаруымыз керек. Қытайда тәжірибе өте жақсы. Сондықтан екі академияның арасында – Қытайдың Ұлттық академиясы және біздің Ұлттық академия арасында үлкен мегагрантты іске асыратын боламыз. Суды басқару, ресурстарын басқару мегагранты. Осының барлығы қазір біздің жоспарымызда.
Толық ақпарат: https://24.kz