KazNARU

KazNARU «АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ПРАКТИКАСЫН БАСТАДЫ

Теориялық білімді практикамен ұштастыру студенттерге көп нәрсені өздерінің көзімен көріп, зердесімен қабылдауына, жыл бойы үйренгендерін өмірде қолдануға дағдыландырады. Бұл бүгінгі заманның басты талабы. Білім беру саласында жаңа технологияларды меңгеру, оны практикада тиімді қолдана білу – білікті маман болып шығудың алғы шартының бірі.

✅  «Агробиология» факультетінің «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Өсімдік қорғау және карантин», «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар», «Биоинженерия», «Экология» білім беру бағдарламаларының күндізгі оқыту нысанында мемлекеттік білім беру гранты және ақылы келісім шарт негізінде оқитын 1-курс студенттері  оқу процесінен қол үзбей академиялық күнтізбеге сәйкес, кафедраларда оқу практикасынан өтуді бастап кетті. 

✅   Студенттерге «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғалым Сырлыбаев мен Қаламқас Құланбай, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Эльнара Қуандыкова, «Жеміс - көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының аға оқытушылары Роза Мажитова мен Гүлнар Жұмаділова сынды өз саласының білікті маман ұстаздары жетекшілік етуде.

✅  Білім алушылардың теориялық және практикалық білімдерін шыңдауға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында барлық қажетті жағдайлар жасалынған. Практикалық дәрістер 2024 жылдың 20-31 мамыр аралығында жалғасады.

✅   Аграрлық мамандықтар – жастарды болашаққа бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник