ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Ғалымдар мен әкімдік өкілдері ғылымның дамуы мен жаңалықтарын сан-салада қолдану жайын назарға алмақ. Бұл жайында Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысында айтылды. Жиында өңірдегі ғылымды дамыту мәселелері қозғалды.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті: - Әкімдіктерде ғылымға жауап беретін тұлғалар жоқ. Қызметкерлер жоқ. Ешкім қарамайды. Ғылым өзімен өзі, ғалымдар жаңағы өңірлерде қандай мәселе бар екенінен хабарсыз. Ал енді жергілікті бизнес ғалымдардың мүмкіншілігін білмейді. Міне осы мәселені шешуіміз керек.
Дереккөз: https://24.kz/kz/