KazNARU

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ...

Көптен күткен соңғы қоңырау да соғылып, мектеп бітіруші түлектер ең соңғы рет партада отырып, оқушылық кезеңнен үлкен өмірге аяқ басты. Жас түлектердің өміріндегі мәңгілік есте қалар ең қимас, қызықты сәттерге ата-аналары мен жақындары да куә болып, қуаныштарымен бөлісті.

✅ Соңғы қоңырау мерекесіне орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған профессор-оқытушылар топтарының өкілдері де Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстарының мектептеріне барып, бітіруші түлектермен кездесіп қайтты.

✅ Ұстаздар тек кездесумен ғана шектелмей, мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстырды. Қазақ және орыс тілінде жасалған буклеттер мен мамандықтар туралы жалпы мәліметтер таратылып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық екендіктерін жеткізді.

✅ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен оқыту жүйесінде «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру топтарына қабылдаудың шекті баллы 50-ге түсірілгенін жастар қуана қарсы алды.

✅ KazNARU қабырғасында білім алушылардың басым бөлігі ауыл мектептерінің түлектері екенін ескерсек, енді оларға ауыл шаруашылығына аса қажетті мамандықтарды игеруге жасыл жол ашылды. Қазіргі күні жаңа заманның талабына сай жоғары санаттағы оқу орнында білім алып, жақсы маман атану, өмірдегі өз орнын тауып, қатарға қосылу әрбір жастың арманы.

✅ Айта кету керек, бүгінгі қазақ жастары білім мен ғылымды игеруден жасқанбайды. Біздің Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне де келіп, жоғары білім алуға ниет білдіріп отырған жас талапкерлердің қатары аз емес екендігі қуантады.

✅ Шынында да, аграрлық мамандықтар жастарды болашаққа бастайтыны анық!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник