KazNARU СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
2024 жылдың 23-24 мамарында Алматы Технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В068 – "Тамақ өнімдерін өндіру", В076 – "Стандарттау, сертификаттау және метрология" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада болып өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің атынан қатысқан:
6В07208 - "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы", 6В07207 - "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері Орынбасар Абдина, Белтай Алтынай, Шотан Саят (жетекшілік еткен оқытушы Сейсеналы Мақпал);
6В07501 "Стандарттау және сертификаттау" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Әбдуәлі Нұрбол, Камалбек Камила, Орман Аружан, «жетекшілік еткен оқытушы Искакова Жанат Абдуллақызы) Республикалық пәндік олимпиадада бақ сынасты.
Қазақстанның 20 жоғары оқу орнынан келген 21 команда мен 63 студент II кезеңде өз білімдері мен кәсіби бағытта үйренген дағдыларын көрсетті.
Олимпиада қортындысында университеттің В068 - "Тағам өнімдерін өндіру", В076 - "Стандарттау, сертификаттау және метрология" білім беру бағдарламалары тобы бойынша командалары жалпы командалық есепте жүлделі III орынға ие болды.
Университетіміздің абыройын асқақтатқан жүлдегер студенттерімізді кезекті жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттіліктер тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі