KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДАҒЫ ДРЕЗДЕН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Дрезден техникалық университетінің ғалымдарымен бірлескен «Қолдану арқылы қорғау: азиялық жабайы алма мысалында табиғи ресурстарды орнықты пайдалану арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау Тұжырымдамалары» тақырыбындағы офлайн/онлайн форматында екі күндік семинар басталды.

✅ Семинарды KazNARU Халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму проректоры Рафис Абазов ашып, жүргізіп отырды. Ол соңғы жылдары университет Германияның Қоршаған ортаны қорғау Федералды қорымен бірлесіп, Қазақстан мен Қырғызстанның таулы аймақтарында эндемикалық ежелгі алма ағаштары мен Сиверс сорттарының биоәртүрлілігін сақтау бойынша «ALMA» жобасын іске асырғанына тоқталды..

«Қазақстан мен Қырғызстан аумағында ғана сақталған Сиверс алма ағаштары – бұл ұлттық қазына! Ол барлық алма ағаштарының түп атасы, әрі сақтаушысы болып табылады. Дәл осы жерден бүкіл әлем үшін әдемі және маңызды өсімдіктер біртіндеп жер жаһанға таралды. Бірлескен жоба аясында ең озық халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу және талдау нәтижесінде үш елдің ғалымдары Сиверс алма ағашының ерекше түрін сақтау мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттей келе, оның практикалық қолдануын жандандырудың кешенді шараларын ұсынды. Қазіргі уақытта ғылыми бағыттағы бұл жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда», - деді Рафис Фанисұлы.

✅ Бұдан кейін Дрезден техникалық университетінің аға профессоры, NETSCI GmbH бас директоры доктор Маттиас Крамер биоәртүрлілік және экожүйе қызметтеріне қатысты жұмыстардың маңыздылығына баса назар аударды.

Ол 2023 жылдың 19 сәуірінде біздің университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚҰР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесіп, Экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі Қазақстан-Германия институтының салтанатты ашылуына қатысып, KazNARU мен «KaGEB» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

✅ Профессор Маттиас Крамер сонымен қатар, Германияда Сиверс алма ағашының клон сорттары мен тұқымдарынан бақ өсірумен айналысуда. Оның айтуынша, биоалуантүрлілік саласындағы үш елдің бірлескен жұмысы АӨК алдында үлкен перспективалар ашпақ.

✅ Семинарда сөз алған KaGEB институтының директоры, а/ш.ғ.к. Серік Жантасов, германиялық өкілдер Ханнес Буркманн, София Филиппа Хохштамм, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – Ажар Жандосова, Вагида Салимова, Әсемгүл Еркебаева, Гүлмира Серғазина климаттың өзгеруі жағдайында табиғи генофондың бұзылуының алдын-алу, әлемге танымал сорттарды сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

✅ Спикерлер биоәртүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану жеміс индустриясының дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық жабайы жеміс ормандары табиғи сақтау қоймасы болып табылатын осы табиғи генетикалық ресурстарды сақтау қажеттігіне назар аударды.

Белгілі ғалым зертетушілердің қатысумен өтіп жатқан семинар ертең университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарында жалғасады.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник