«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2024» АШЫЛДЫ
Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» жұмысының ресми ашылуы болып өтті.
Оған алыс-жақын 14 шетелден, атап айтқанда АҚШ, Малайзия, Қытай, Германия, Польша, Румыния, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан т.б., KazNARU проректорлары мен жетекші профессор-оқытушылары, отандық серіктес ЖОО-лардың жетекші ғалымдары, 400-ден астам білім алушылар оффлайн және онлайн режимде қатысты.
KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Күрішбаев жазғы мектепке қатысушыларға сәттілік тіледі.
Университет басшысы сонымен бірге, жақсы дәстүрге айналған жазғы мектепте биыл 10 бағыт бойынша дәрістер оқытылатынын, білім мен ғылымның озық инновациялық жетістіктері қарастырылатынын атап өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі