БҮГІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
1972 жылы Біріккен Ұлтар Ұйымы экология мәселесіне адамзат назарын аудару үшін 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгілеген болатын.
Бұл шешімнің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың және жеке адамдардың назарын аудару, қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.
Табиғаттағы және айналамыздағы экологиялық жағдайлардың ушығуы бүгінгі күннің өзекті проблемасына айналды. Мысалы, кәсіпорындардын шығатын улы газдардың ауаға таралуы, далаға тасталған қоқыстар, судың азюы мен ластануы, өзен-көлдердің тартылуы бүкіл әлемді қатты алаңдатып отыр.
Сондықтан, барлық тіршілік иелерінің мекені болғандықтан, өзімізді қоршаған ортаны қорғау мен тазалығын сақтау әрбір адамның міндеті болмақ.
Қоршаған ортаны қорғау бағытында аянбай тер төгіп жүрген барша эколог ұстаздарды және болашақ эколог-студенттерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Қоршаған ортаны қорғауды өзімізден бастайық!
KazNARU Баспасөз қызметі