KazNARU

KazNARU ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА БЕСІНШІ ОРЫНДЫ САҚТАП ҚАЛДЫ

✅ 2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы Халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингісінің– QS WorldUniversity Rankings-2025 жаңа көрсеткішін жариялады. Қазақстаннан рейтингте 21 жоғары оқу орны ұсынылды, оның бесеуінің көрсеткіші жақсарды, төртеуі өз позицияларын сақтап қалды.

✅ Биылғы жылы әлемнің 106 елінен барлығы 5663 жоғары оқу орны қатысып, олардың 1503-і жаңа рейтингке енді.

Рейтингтің көшбасшысы – Массачусетс технологиялық институты (АҚШ), екінші орында – Лондон императорлық колледжі (Ұлыбритания), үшінші орында – Оксфорд университеті (Ұлыбритания).

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті әлемдегі ең үздік 700 университеттің қатарына енді және бірнеше жыл бойы қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бесінші орыннан көрініп келеді.

✅ Биыл KazNARU 671-680 орынға ие болып:

- «Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы»;

- «Академиялық бедел»;

- «Жұмыс берушілер арасындағы бедел»;

- «Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар индексі»;

- «Тұрақтылық» көрсеткіштері бойынша өз позициясын жақсартты.

✅ KazNARU білім берудің жоғары сапасы мен оқыту деңгейінің, ғылыми-зерттеу қызметінің, оқу жоспарларын қолдану тиімділігінің, тәлімгерліктің, білім беру бағдарламаларын жақсарту мен біріктірудің, стратегиялық ұстанымның, білім беру процесінде инновациялық тәсілдерді пайдаланудың және университеттің тұрақты дамуына қосқан үлесінің нәтижелерінде өз позициясын ұлғайтуға қол жеткізді.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник