KazNARU

KazNARU мен ПАХАНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 6В05102- «Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенттері дипломдық жұмыстарын өте сәтті қорғап шықты.

✅ Солардың бірі – UMPSA-KazNARU «Bachelor of Applied Science in biotechnology industry with Honours» екі дипломдық бағдарламасымен оқыған Малайзиялық Паханг университетінің студенті Lim Yeow Hong.

✅Комиссия мүшелерінің жоғары бағасына ие болған шетелдік студенттің дипломына ғылыми жетекшілік жасаған – KazNARU «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, PhD доктор Қайсар Табынов.

✅ Осының алдында біз аталмыш бағдарлама бойынша Куантан қаласындағы Паханг университетіне білімін жетілдіруге кеткен Данил Акшимбаев пен Жания Серікова да өздерінің дипломдық жұмыстарын жоғары деңгейде қорғағанын айтқан болатынбыз.

✅ Осылайша екі университеттің арасында білім алушылар үшін өзара тәжірибе алмаса отырып, бакалавр мен магистратурада білімдерін шыңдауға үлкен мүмкіндіктер ашылды.

✅ МЕКТЕП БІТІРУШІ түлектерді KazNARU мен шетелдік ЖОО-ларда қатар оқып, ЕКІ ДИПЛОМДЫ БІЛІКТІ МАМАН атануға шақырамыз!

✅ БІЗБЕН БІРГЕ САПАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ӨЗДЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШЫҢЫЗДАР!

Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник