KazNARU

KazNARU ЖАТАҚХАНАЛАРЫ ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН ДАЙЫН

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Алматы қаласында өз студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен жалғыз оқу ордасы атанды.

✅ Университет басшылығы «Ритм Строй ЭК» ЖШС қолдауымен барлық жатақхананың сыртқы және ішкі кеңістіктерін толық жаңғыртты. Тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелді.

Бөлмелерге студенттер үшін қажетті жиһаздар мен мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылды.

✅ Тағы бір үлкен жаңалық – «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты, 450 орындық жаңа студенттік жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жатақхана қасынан студенттер үшін Медициналық орталық тұрғызылмақ.

✅ Осылайша университет студенттері үшін жайлы жатақханаларда бакалавр мен магистратурада алаңсыз білімдерін шыңдауға үлкен мүмкіндіктер ашылды.

✅ Мектеп бітіруші түлектер! Егер, KazNARU мен шетелдік ЖОО-ларда қатар оқып, ЕКІ ДИПЛОМДЫ білікті маман атанғыңыз келсе, келіңіздер, шақырамыз!

✅ БІЗБЕН БІРГЕ САПАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ӨЗДЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШЫҢЫЗДАР!

Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник