KazNARU

KazNARU ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2024 жылғы 20 маусымда еліміздегі ең ірі, 95 жылдық тарихы бар ежелгі жетекші оқу ордасы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қабылдау комиссиясы ресми өз жұмысын бастады.

Қабылдау комиссиясы 20.06 – 25.08.2024 жж. аралығында жұмыс істейтін болады.

✅ Бакалавриатқа мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 13 – 20 шілде аралығында.

✅ Мемлекеттік білім беру тапсырысының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін, талапкерлердің бакалавриатқа оқуға құжаттарын тапсыру мерзімі 2024 жылдың 10 – 25 тамыз аралығында.

✅ Бүгін бізде білім алуға ниет білдіріп, алғашқы болып құжат тапсырған талапкерлерге университет логотипі бейнеленген блокнот, қалам, естелік сыйлықтар берілді.

✅ Құрметті талапкерлер! Биыл «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламалары үшін шекті балл – 50.

✅ Студенттеріміз жоғары стипендия алады.

✅ KazNARU Алматыдағы студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен жалғыз оқу ордасы.

✅ Бізбен бірге сапалы білім алып, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар!

✅ Екі дипломды білікті маман атанғыңыз келсе, келіңіздер, күтеміз!

✅ Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник