KazNARU

МЕМЛЕКЕТТІК «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫНДА KazNARU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНДЫ

✅ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялаған болатын.

✅ Конкурстың мақсаты – халықаралық талаптарға сай жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту, сол арқылы ғылымдағы жас ғалымдардың үлесін арттыру болатын.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зертету университетінің жас ғалымдары тарапынан «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» бағыты бойынша жолданған 6 өтінім (жалпы қаржыландыру сомасы 171 113 021,30 теңге) Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерімен мақұлданып, қаржыландыруға ұсынылды.

✅ Жас ғалымдарымызды ел экономикасын, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және инновациялық өзекті ғылыми мәселелерді зерттеу барысынындағы кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!

***

✅ KazNARU абыройын көтерген жас таланттың бірі – Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының Тағам және қоршаған орта қорғау зертханасының ғылыми қызметкері, «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің PhD докторанты ТОЙШИМАНОВ Мақсат Рисбекұлы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетін тәмамдаған соң, Харбин политехникалық институтының (ҚХР) магистратурасын бітірген.

2018 жылдан осы орталықта қызмет етіп, Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» білім бағдарламасының PhD докторанты атанған оның негізгі мамандандырылған бағыты – газ және сұйық хроматографиясы, масс – спектрометрия, спектрометрия. Өз диссертациясының шеңберінде Тойшиманов TSQ 8000 EVO масс-спектрометриялық детекторы бар Trace газ хроматографы әдісімен ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріндегі тағам тізбегі бойынша фосфор пестицидтерді анықтаудың жаңа әдістерін әзірледі.

✅ Мақсат Тойшиманов ҚР БҒМ 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру ғылыми жобасына да қатысып, AP09057853 «Парниктік газдардың шығарындыларын азайту және альбедо көлемін арттыру арқылы климаттың өзгеруін төмендету үшін жерді пайдаланудың әртүрлі жүйелерінің тиімділігін бағалау», BR10764957 «Ара шаруашылығында селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу», BR10764970 «Дайын өнімнің ассортиментін кеңейту және шикізат бірлігінен шығу, сондай-ақ өнім өндірісіндегі қалдықтардың үлесін азайту мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» ғылыми техникалық жобаларында орындаушы болды.

✅ Қазіргі уақытта AP14871855 «Қазақ популяциясында тандемді масс-спектрометрия мен микробиоттар энтеротиптері – сұйықтық хроматография мәліметтері негізінде метаболизмдік синдромды ерте болжау», AP19579056 «Иммуномодуляциялық қасиеттері бар бие сүті негізінде емдік-профилактикалық тамақтану өнімдерін алу технологиясын әзірлеу» орындаушы қызметін атқарады.

✅ Енді AP22686752 «Қазақ популяциясының предиабет кезіндегі май қышқылдарын тандемдік масс-спектрометрия әдісімен липидомиялық талдау» тақырыбында қаржыландырылатын жобаны жеңіп алды.

✅ Жобаның негізгі мақсаты: қазақ популяциясының диабет ауруын алдын алу мақсатында заманауи масс – спектрометрия әдісімен фундаментальды жұмыс атқару.

✅ Жобадан күтілетін нәтижелер: жұмыс нәтижесінде қазақ популяциясының диабет ауруын алу үшін қанның құрамындағы биомаркерлер арқылы диагностикалық жұмыстар жүргізіледі.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник