KazNARU

KazNARU ОҚЫТУШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

✅ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасының иегері – Қазақ ұлттық аграрлық зертету университеті «Ветеринария» факультеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мусоев Асылбек Майлыбайұлы.

✅ Ол еліміздегі ветеринариялық вирусология және иммунология саласындағы жетекші жас ғалымдардың бірі. Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар бойынша оқу сабақтарын жүргізу сапасын бағалау жөніндегі Тәуелсіз сарапшы. 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Литва денсаулық ғылымдары университетінің ветеринариялық академиясында (Lithuanian University of Health Sciences LSMU) үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.

KazNARU жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі. 2019 ж. ҚР БҒМ «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының» иегері, 2019 ж. Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог-2019» иегері атанған.

✅ Асылбек Мусоев бүгінгі таңда бюджеттік екі бағдарламаны жүзеге асыруда:

- 2023-2025 жж. «Жануарлар организміндегі және мал шаруашылығы өнімдері құрамындағы радиоактивтілікті төмендету жолдарын әзірлеу» («Разработка способы снижения радиоактивности в организме животных и продукции животноводства» 2023-2025 гг.):

- 2023-2025 жж. «Ауылшаруашылық жас жануарлардың иммундық жүйесін күшейту үшін сүт қышқылы бактерияларының ілеспе штаммдары негізінде отандық пробиотикалық препаратты жасау» («Разработка отечественного пробиотического препарата на основе ассоциированных штаммов молочнокислых бактерий для повышения иммунной системы у молодняка сельскохозяйственных животных» 2023-2025 гг.).

✅ Жас ғалым бұған дейін де ел аумағындағы аса қауіпті мал аурулары бойынша эпизоотологиялық сипаттамаларын зерделеу және олардың тиімділігін арттыру бойынша ветеринариялық-санитариялық шараларды әзірлеу жөніндегі ғылыми жобаларды сәтті орындап, көзге түсті.

✅ А.Мусоевтың баспа бетінде шыққан 70-тен аса ғылыми- әдістемелік еңбектері, маҚалалары, өндіріске ұсынған әдістемелік және тың жаңалықтары агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық бағытта жедел дамуына, соның ішінде республикамыздың құс шаруашылықтарының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі дәрежеде көмегін тигізді. Осындай іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында ол алыс және жақын шет елдерде кәсіптік біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, ғылыми тағылымдамалар мен халықаралық конференцияларға қатысып, 30-ға жуық халықаралық сертификаттар иеленді.

✅ Мусоев Асылбек Майлыбайұлы 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша AP22682870 «Жануарлар қарасанын диагностикалаудың жедел әдістерін әзірлеу» тақырыбында жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы атанды.

Жобаның негізгі мақсаты: Жануарлардың патологиялық материалынан немесе қоршаған орта нысандарынан қарасан патогенін жылдам (5-10 минут ішінде) анықтауға, сондай-ақ ауру жұқтырған немесе вакцинацияланған жануарлар қанындағы спецификалық антиденелерді жедел анықтауға (3-4 сағат ішінде) арналған тәсілдер әзірлеу болып табылады.

✅ Жобадан күтілетін нәтижелер: Жануарлардың патологиялық материалында және қоршаған орта 5-10 минут ішінде C. chauvoei қоздырғышын немесе оның антигендерін анықтауға мүмкіндік беретін тест жүйесі әзірленетін болады. Жасалып жатқан тест-жүйесінің екінші нұсқасы қарасан қоздырғышына қарсы арнайы антиденелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Тесттерді эпизоотологиялық бақылау және қарасанның қазіргі эпизоотиялық жағдайын талдау үшін пайдалануға болады. Инфекция ошағын уақтылы анықтау Қазақстан аумағында аурудың таралуын болдырмайды және ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізуге мүмкін болатын шығындарды азайтады деп күтілуде.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник