KazNARU-да ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарына сай «Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіру» тақырыбында Алматы қаласы Медеу ауданының құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Елдің әлеуетті ресурсы саналатын жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – бүгінгі күн талабы.
Кездесуді Тәрбие жұмыстары жөніндегі департаменттің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков жүргізді. Аталған кездесуге Алматы қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері: Медеу ауданының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Отар Данияр Сабитұлы, ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Сагынбаев Данияр Ерканатұлы, криминалды полиция бөлімінің уәкілі, полиция аға лейтенанты Қошқаров Абзал Маратұлы қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Медеу ауданының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Отар Данияр Сабитұлы қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екеніне тоқталып, студент жастар арасындағы құқықтық тәрбиенің маңыздылығын атап өтті. Қылмыстық істердің арасында интернет-алаяқтық, ұрлық сияқты қылмыстар жиі тіркелетініне көбірек тоқтала отырып, жиналған студент жастарға Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік кодексінің баптарын түсіндіріп өтті.
Келесі сөз сөйлеген ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Сагынбаев Данияр Ерканатұлы студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарын түсіндіре отырып, құқықтық сауатты болудың аса маңыздылығын айтты.
Шараны қорытындылаған университеттің әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков өз сөзінде студент жастардың азаматтық белсенділігінің артуы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ететінін айтты. Ол сонымен бірге университеттегі «Саналы ұрпақ» клубы мен студенттік омбудсмен қызметі осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатқанына тоқталды.Сөз соңында шараға белсене қатысқан құқық қорғау қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Шарада жиналған студенттер кездесуге келген құзыретті тұлғаларға өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, пікірлесті.
KazNARU баспасөз қызметі