KazNARU

KAZNARU ҰЖЫМЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

✅ 2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Жер сілкінісі қаупі жағдайындағы азаматтардың іс-әрекеттері» сейсмикалық жаттығуы өтті.

✅ АҚ және ТЖ жергілікті бөлімшесінің басшысы Ерлан Молдағұлов бұл сейсмикалық жаттығу Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жоспарына сәйкес өткенін хабарлап, жиналғандарға жер сілкінісі кезінде дұрыс іс-әрекет жасаудың жолдарын түсіндірді.

✅ «Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің өмірін сақтау үшін не істеу керектігін білуі керек. Ең алдымен, жер сілкінісі кезінде тыныштық сақтаңыздар, үрейленбеңіздер! Егер жоғарғы қабаттарда тұрсаңыздар, тірегі мықты қабырғалардың бұрышынан орын алып, жер сілкінісінің аяқталуын күтіңіздер. Қауіпті сәтте лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыздар. Шығар алдында суды, газды және электр қуатын өшіріңіздер. Жер тербелісі тоқтағаннан кейін ғана көшеге шығыңыздар», - деп атап өтті Ерлан Молдағұлов.

✅ 850-ден астам ЖОО білім алушылары мен оқытушылар, қызметкерлер азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесі мен университеттің қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник